Солтүстік Қазақстан облысы: Өрт сөндіруші мамандығымен танысты

«Родник» жазғы сауықтыру лагерінде «Нептун күні» ұйымдастырылып, Есіл ауданының № 10 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары балалар лагеріне барды. Бұл кездесудің мақсаты өрт қауіпсіздігінің маңызды мәселесі болды. Балалар адам өміріндегі оттың рөлі, өрттің пайда болу себептері туралы білімдерін кеңейтті, — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар балалардың өрт сөндірушілер кәсібіне деген құрмет сезімін тәрбиелеуді де көздеді. Мерекенің басты кейіпкері -теңіз патшасы «Нептун». Ойын түрінде өткізілген шарада Нептун жетекші ролін атқарды: тапсырмылыр айтып, орындалуын қадағалады. Балалар өз тарапынан келген қонақтарға КВН көрсетті. Мерекеге арнайы шақырылған қонақ — мәслихат депутаты Қойшыбаев Біржан Төлепбергенұлы өртке қарсы тақырыпта салынған суреттер байқауының қорытындысын жариялады.

Өрт сөндіруші-өте маңызды және қауіпті мамандық. Біздің оқушылар ТЖ қызметкерлері дайындаған кәсіби эстафеталарда өздерінің күш-қуатын, ептілігі мен батылдығын тексере алды. Жеңімпаздар командалары Есіл ауданының «төтенше жағдайлар бөлімі» және Есіл ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Демалушылар өрт сөндірушінің киімін өлшеп, арнайы құрал-жабдықтармен таныса алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий