Бұл жаз бұрынғы жаздан өзгерек
Жаз мезгілінің оқушылар үшін орны ерекше. Бұл мезгілді барлық оқушы асыға күтеді. Осы уақытта оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Осы ретте, Ұлытау облысы білім басқармасының басшысымен бекітілген биылғы жаздың ерекше жобасы – «Жазғы демалыс академиясы». Бұл жоба – оқушылардың жан-жанжақты дамуына арналған 4 бағытты басты назарға қойды.. Олар: «Салауатты ұрпақ – салауатты қоғам», «Мен – азаматпын», «Біз бақытты баламыз» «Bilim+» бағыттары. Әр бағыттың өзіндік міндеттері мен жұмыс формалары да бар.
Ұлытау облысы білім басқармасының «Ұлытау ауданы білім бөлімінің» КМҚК «Балалар өнер мектебі» аталған жоба аясында оушылардың жазғы сауықтыру кезінде таза ауада өткізілетін бағдарламалар, салауатты өмір салтын ұстау, тарихи-танымдық саяхаттар, өзін-өзі дамыту мен шығармашылықпен айналысу және ойын әрекеті арқылы жан-жақты дамуына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. «Салауатты ұрпақ – салауатты қоғам» бағыты бойынша «Спорт-денсаулық кепілі», «Кел, билейік», «Қазақтың ұлттық ойындары» және т.б, «Мен – азаматпын» бағыты бойынша «Рәміздерім – мақтанышым», «Нағыз қазақ домбыра», «Ұлытау – ұлт ұясы» және т.б, «Біз бақытты баламыз» бағыты бойынша «Өнерге қанат қаққандар», «Достармен жолда», «Кітап біздің досымыз», «Қәне, көңіл көтерейік» т.б тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Өткізілген әрбір әс-шара мазмұны ұйымдастырушылардың шеберлігімен ұштасып, тәбриеге бағытталғандықтан, шәкірттердің ішкі жан-дүниесі жаңарып, алдағы демалысқа жетерлік рухани азық болып, артынан жарқын құбылыстарға жетекші бола береді деген сенімдеміз.
Бәсекеге қабілетті, болашақтың кілтін аша алатын ұрпақты тәрбиелеуде қосымша білім беру ұйымдарының да орны ерекше. Ал, жазғы сауықтыру жұмыстары оқушыны жан-жақты дамытуда өзіндік рөл атқарады.
Бүгінгі жас – ертеңгі елдің болашағы. Болашағымыз айқын болсын десек ұлттық тәрбие, білім мен өнерді жас ұрпақ санасына қазірден сіңере білуіміз қажет.
Ғабдұлмәлік Гаухар Ғабдұлмәлікқызы
Ұлытау облысы білім басқармасының
Ұлытау ауданы білім бөлімінің
КМҚК «Балалар өнер мектебі»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары




