Ақтөбе облысы: Заманауи мектептің құрылысы басталды

Аймақ жетекшісі Ералы Тоғжанов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатқан мектеп құрылысының барысымен танысты. Ақтөбенің қарқынды дамып келе жатқан жаңа шағын аудандарының бірі Есет батыра атындағы тұрғын алабындағы құрылыс алаңына барды, бұл ауданда оқушы орындарының тапшылығы мәселесі өзекті. Келесі жылға дейін мұнда екі мың орындық заманауи мектеп салынады, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылға дейін Ақтөбе облысында бір ауысымда 22,8 мың оқушыға арналған қырық төрт жаңа мектеп салынады. Оның ішінде 24 мектеп Ақтөбе қаласында, қалғандары Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Темір, Ырғыз, Мәртөк, Шалқар және Мұғалжар аудандарында пайдалануға берілмек. Қырық төрт жаңа мектептің жиырмасы ұлттық жоба аясында бірыңғай стандартқа сәйкес салынуы тиіс. Облыс әкімі осы маңызды әлеуметтік жобаларды іске асырумен өңірде апатты және үш ауысымды мектептер проблемасы толығымен жойылатынын атап айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий