Маңғыстау облысы: Республикалық семинар практикум

«Үздік тәжірибе: WorldSkills стандарттарына негізделген «BabySkills», «DalaSkills» жобалары» тақырыбындағы республикалық семинар-практикум онлайн форматта ұйымдастырылды. Басқосуға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру, мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдары басшылары және басшы орынбасарлары, әдіскерлер мен педагогтер қатысты, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Семинар модераторы облыстық білім басқармасы ТжКББ бөлімінің басшысы Сармурзина Жания Оңалбайқызы алғы сөзінде семинардың мақсат, міндетімен таныстырды. Семинардың бірінші бөлімінде «BabySkills» жобасы», «BabySkills» жобасы бойынша чемпионатының нормативтік құжаттары», «BabySkills» жобасы бойынша мектепке дейінгі мекеменің жұмыс тәжірибесінен», «Қосымша білім беру ұйымдарындағы «BabySkills» жобасы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Қатысушылар келесі құзіреттер бойынша бейне-трейлерлерімен танысты: «Кескіндеме және сәндік жұмыстар», «ІТ технологиялар әлемі», «Киім мен аксессуарлардың дизайны», «Киіз өнері – Истинг», «Мамандық – менің мақтанышым». Семинардың екінші бөлімінде «DalaSkills» – халық дәстүрлерін сақтауға бағытталған жарыстар», «DalaSkills» жобасы бойынша чемпионатының нормативтік құжаттары», «Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттың тамыры» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий