Ақтөбе облыстық кәсіподағы: Үздік ұстаздар мен басшылар марапатталды

“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен   «Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиын барысында “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікова Раушан Серікқызы 2022-2023 оқу жылының қорытындысы туралы есеп беріп, әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымының сегіз төрағасына «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Кәсіподақ ардагері» және «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін табыстады.

Аймақтың ұстаздар қауымын біріктіріп отырған “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігі бұл шараны кең көлемде жүзеге асырып келеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде облыс ұстаздар қауымының қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында, жұмыста жоғары көрсеткішке жеткен таңдаулы педагогтарға көктемгі, жазғы, күзгі, жазғы каникул кездерінде шипажайларға білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қаржысы есебінен жолдамалар ұсынылады.

Айта кетейік, шара барысында барлығы 140 кәсіподақ мүшесі марапатталды. Оның ішінде 51 үздік ұстазға «Мерке» шипажайына жолдама, 20 қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен 58 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелеріне «Денсаулық» шипажайына жолдама және 3 жас ұстазға Абай облысы Алакөл демалыс кешенінің аумағында өтетін жас ұстаздардың республикалық лагеріне жолдама тапсырылды.

Салтанатты жиынға «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Сұлтан Жайық Исаұлы және Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәрсенғалиева Гүлнара Ақмырзақызы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Есенжолова Жания Жәнібекқызы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры  Нұрғалиева Жаңылсын Достанғалиқызы  және білім саласындағы аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, үздік ұстаздар қатысты.

Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Ақтөбе облыстық ұйымы” қоғамдық
бірлестігінің баспасөз қызметі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий