Жамбыл облысы: Анимациялық мультфильмдер құрастырылуда

Меркі ауданының «Үміт» оқушылар сарайында қосымша білім алатын оқушылар екі анимациялық мультфильм құрастырып шығарды. Аталған мекемеде анимациялық мультфильмдер жасайтын жалғыз үйірме бір жыл бұрын жұмысын бастаған. Оқушылардың айтуынша, анимациялық мультфильмдердің негізгі идеясы – ертегілерді, қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін, мәдениетін бүлдіршіндерге түсінікті әрі қызықты түрде жеткізіп, қазақ тілін насихаттауға бағытталған, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бір мультфильмнің ұзақтығы төрт минутты құрағанымен, бұл туындыны жасау үшін оқушылар 4-5 ай еңбектенеді. – Мультфильм жасап шығару – оңай іс емес. Алдымен сценарий жазылып, оқиға желісі бойынша бір оқушы қағаз бетіне суреттер салса, актерлық шеберлігі бар оқушылар дауысын дыбыстап, таспаға түсіреді. Ал, келесі бір оқушы барлық материалдарды біріктіріп, бейне құрастырады, – дейді үйірме мүшесі Аслан Жапарханов.

– Бос уақыттарын тиімді пайдалануға тырысып жүрген қиялы ұшқыр, озық ойлы оқушыларымыздың талпынысы көңіл қуантады. Бүгінде мультфильм түсіруге қызығушылық танытқан ауыл оқушыларының саны да күннен-күнге арта түсуде. Жалпы бір жылдық бағдарлама бойынша 4-мульфильмнің құрылымы жоспарланған болатын. Мульфильмдердің құрылуының біршама қиындықтарына байланысты оқушылар екі мульфильмді жарыққа шығарды.

Бір мультфильмде 1секундтық қозғалысқа 12-30 сурет қажет болса, төрт минуттық мультфильмге 400-500 сурет салу қажет. Дегенмен, оқушылар ешбір қиындыққа қарамастан, биыл жеті туындыны жарыққа шығаруды жоспарлап отыр, – дейді үйірме жетешісі Асан Алтынбеков.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий