Уақыт үдерісі: Университет және ауыл мектебі

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында іскер, білікті мамандар мен кәсіби шеберлігі келіскен ұстаздар даярлайтын білім ордасына айналды. Осындай іргелі оқу орнының Атырау облысындағы ауыл мектептеріне қамқорлықты күшейту туралы Үндеу жариялауы заңды құбылыс болып табылады.

Себебі, бүгінгі таңда университетте оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәлім-тәрбие жұмыстарын қайта құруда, оқу-материалдық базасын жетілдіруде заман ағымына сай шаралар іске асырылуда. Соңғы екі-үш жыл шеңберіндегі игілікті істерді атап көрсетер болсақ: біріншіден, профессор-оқытушылардың өз білімін көтеруі, кәсіби шеберлігін шыңдай түсуі ұдайы назарда ұсталынады; екіншіден, университеттің материалдық-техникалық базасының үнемі жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілуі табиғи үрдіске айналды; үшіншіден, қазіргі уақыт талабына сәйкес жаңа мамандықтардың ашылуы дәстүрлі түрде іске асырылып отыр.

Тек, өткен оқу жылында Атырау облысының жастарына аса қажет журналистика, экология және табиғатты пайдалану, аудармашылық іс мамандықтары ашылса, ал биылғы оқу жылы ихтиология, балық аулау өндірісі және балық шаруашылығы, информатика, қолданбалы математика, дәстүрлі музыкалық өнер:халық аспаптары мамандықтары бойынша студенттер қабылданып, білім алу үстінде, төртіншіден, университетте жаңа буындағы мемлекеттік стандартты басшылыққа алып, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын қолдану кеңінен орындалуда.

Бесіншіден, университетіміз өткен жылы мемлекеттік аттестациядан, одан кейін мемлекеттік аккредитациядан жоғары талапқа сай өтіп, еліміздегі 18 мемлекеттік университет қатарынан орын алуы нәтижесінде әлемдік білім беру жүйесінің тәжірибелерін пайдалана отырып, әрбір студенттің іргелі кәсіби дайындығына және шығармашылық мүмкіндігіне ерекше назар аударады. Ал енді ауыл мектебі мен университет арасындағы байланысты сөз еткенде, оның да өзіндік сүрлеуі қалыптасқандығын байқаймыз.

Атырау университетінде жиырма бес жылдан бері «Университеттік білім беру жүйесін реформалау жағдайында болашақ мұғалімді ауыл мектебіне даярлауды жетілдіру» бағдарламасы (ғылыми жетекші, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Сейталиев) бойынша, жалпы университеттік проблеманы зерттеуге ғалым-ұстаздар белсенді қатынасуда. Университеттегі жалпы және халықтық педагогика кафедрасының жанында «Университет және ауыл мектебі» жоғары педагогикалық білім беру проблемаларының лабораториясы қызмет істейді.

Осы лаборатория көлемінде «Университет-колледж-гимназия» оқу, ғылыми-педагогикалық кешені жұмыс жасауда. Жоғары оқу орнында екі жылда бір рет өткізілетін «Досмұхамедов оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференцияда ауыл мектебі мен мұғалімінің мәртебесі назардан тыс қалмайды. Ел тарихын, жер тарихын кеңінен танып, Х.Досмұхамедов мұраларын өскелең ұрпақтың санасына тереңірек сіңіру мақсатында университеттен «Х.Досмұхамедов лабораториясы» ашылу үстінде.

Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу жұмысымен ауыл мектебінің мұғалімдері де айналысуда. Педагогика ғылымынан тақырып алуға, кандидаттық емтихан тапсыруға, диссертациялық зерттеуді жүйелі жүргізуге университеттегі педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар А.Иманғалиев, Қ.Сейталиев ғылыми бағыт-бағдар береді. Әрине, осындай ауыл мектебі мен университет арасындағы ізгілікті істердің орындалуы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректоратының толыққанды жұмысының нәтижесі болып табылады. Алдағы уақытта да университет тарапынан  ауыл мектебіне деген қамқорлықтың жарасымды жалғасын таба беретіндігі сөзсіз.

Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің
баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий