Ақмола облысы: Қосымша біліммен қамтылғандар көбейді

Аймақта жиырма екі мыңнан астам баланы қамтитын 51 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Балалар көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, жаратылыстану-ғылыми, техникалық, гуманитарлық және спорттық бағыттағы үйірмелермен айналысады. 108 147 бала қамтитын қалалық/ауылдық жерлердегі балаларды қосымша біліммен барынша қамту үшін жалпы білім беретін мектептерде 2600-ден астам үйірмелер мен екі мыннан астам спорт секциялары жұмыс істейді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Зеренді ауданының балалар шығармашылық орталығының Ақадыр ауылы мектебінде филиалы бар. Онда «Мұрагер» үйірмесі он бір жыл бойы жұмыс жүргізіп жатыр. «Мұрагер» қолөнер үйірмесінің жетекшісі Мәлік Армангүл оқушыларға ұлттық қолөнердің қыр сырын үйретумен қатар,  атадан балаға мұра болып қалған өнер түрін насихаттап өскелең жас ұрпаққа үйретеді. Үйірменің оқушыларымен үздіксіз жұмыс жасаудың нәтижесінде көптеген жетістіктерге де жетуде.  Көбінде қазақтың ұлттық өнері киіз басу,  ши тоқу,  сырмақ тігу өнерлерімен айналысуда.

– Оқушылар қой жүнінен түрлі ойыншықтар,  суреттер, әр түрлі сувенирлер жасай алады, сонымен қатар киіз басу өнері арқылы жүннен белдемше,  көйлек,  қолғап,  бешпет,  тымақ,  сәукеле де жасай алады. Соның нәтижесінде үйірменің оқушылары аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жетістіктерге ие болды, – дейді облыстық білім басқармасындағы бөлім басшысы А.Галимова.

Өңірдегі ең ірі қосымша білім беру ұйымы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Болашақ сарайы» болып саналады. 2022-2023 оқу жылында сарайда үш мыңнан астам баланы қамтитын 129 үйірме жұмыс істеді. Жазғы кезеңде ғылыми және спорттық бағыттарда он бес үйірме жұмыс жасауда. Сонымен қатар, былтырдан бастап балалардың қосымша білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен қосымша білім алу мүмкіндігі бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий