Жетісу облысы: Балаларға спорт алаңдары салынады

Сарқан ауданына ресми сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев жергілікті тұрғындарды қабылдап, халықты алаңдатқан мәселелер жайын тыңдады. Жергілікті тұрғын Галина Шестакова Нұрпейісов көшесіне балалардың спорт алаңы орнатылуын сұрап, жұртшылықтың пікірін жеткізді.

Аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев бұл жайтқа орай: – Мәселе дұрыс көтеріліп отыр. Балалардың басқа баратын жері жоқ. Қара жолдың бойында ойнайды. Сондықтан бұл үшін арнайы жер бөліп қойдық. Алаң салуға жоспарланған жиырма миллион  теңге жетеді. Жасанды газонмен шағын футбол алаңы салынып, жанына ойын құрылғыларын орнату жоспарланған, – деді.

Аймақ жетекшісі Бейбіт Өксікбайұлы сөз болып отырған жағдайға орай екі мың адам тұратын, 16 жасқа дейінгі баланың саны алты жүзді құрайтын жерлерге балалар спорт алаңын орнату мәселесі шешілетіндігін баяндап, жеке инвесторлардың қаржылық мүмкіндігін қолдау мақсатында қажеттілігіне орай облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінетіндігін айрықша атап айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий