Алматы облысы: Жергілікті мектептерге 34 автобус
Автобустардың кілтін аудандағы білім бөлімінің басшыларына табыстау үшін өңір жетекшісі Марат Сұлтанғазиев арнайы келді. Қазіргі таңда облыста 339 мыңнан астам бала білім алады. Халқы тығыз орналасқан аудандардағы 199 елдімекеннің 30 764 оқушысы тасымалдау арқылы оқып жатыр.

Осы шара аясында аймақ басшысы Еңбекшіқазақ ауданына бес, Жамбыл ауданына 2, Талғар мен Іле ауданына он үштен және Ұйғыр ауданына 1 автобус мемлекеттің қолдауы ретінде берілетіндігін айрықша атап айтты. Облыстың ең өзекті де маңызды мәселелерінің бірі – оқушылардың тасымалдауын ұйымдастыруда жергілікті жердегі автопарк автобустарының техникалық жағдайының төмендігі болатын.
Загрузка...– Талай мәрте талқыланған осы сұрақ нақты шешімін тауып, бүгін міне, «лизингтік қаржыландыру» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарына арнайы тасымалдау көліктерін берудеміз. Жаңа автобустар балалардың игілігіне қызмет етіп, терең білім алудағы жаңа белестерді бағындыруға себепкер болсын демекпін, – деді құттықтау сөзінде Марат Елеусізұлы. Айта кетейік, автобустарды сатып алуға екі миллиард 272 миллион теңге жұмсалған.