Атырау облысы: Жастар тәрбиесі басты назарда
Өңір жетекшісі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кезекті кеңес ұйымдастырылып, күн тәртібінде осы саладағы түрлі мәселелер талқыға салынды. Жиынға қатысушылар тарапынан балаларды қорлау, мектеп оқушыларын жыныстық сауаттылыққа үйрету бағытындағы сұрақтар көтеріліп, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және адами құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарының орындалуы қаралды.

– Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық істер артып келеді. Сондықтан бұрын білім беру басқармасы жанында болған орталықты тәрбие жұмыстары және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі орталық етіп қайта жасақтауды ұсынамын. Өйткені бала тәрбиесімен тікелей айналысатын орталықтар білім беру басқармасында жоқ, – деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Бұл ұсынысты облыс әкімі қолдайтынын айтты. Осы ретте балалар арасындағы қоқан-лоқы, жәбір көрсету мәселесінде жұмыстарды жіті назарда ұстауды тапсырды. Ал денсаулық сақтау басқармасының жанындағы орталықты жастарға кеңінен насихаттау, мамандардың ем алушыларға ашықтығын қамтамасыз етуді жүктеді.
– Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы орталықты жастар біле бермейді. Сондықтан мұндай сауықтыру орталықтарының бар екенін жастарға жеткізу керек. Балалар арасындағы буллинг, оларды жәбірлеу мәселелері басқа орталықта қаралу керек. Ең үлкен мәселе – жасынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланың ешкімге ашыла алмауы. Іштен тынып, булығып жүреді.
Загрузка...Үйіндегі адамдарға айта алмайды, ортада ешкім қорғамайды. Соңы өкінішті жағдайға әкеліп соғады. Сондықтан мамандар балалар мен жастардың психологиясымен, тәрбиесімен айналысу керек. Орталықта ашықтықты қамтамасыз етіліп, пациент мамандарға сену керек, – деді Серік Жамбылұлы.