Батыс Қазақстан облысы: “Мектепке жол” акциясының жақсылығы

«Мектепке жол» республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында биыл «Жақсылықты жаса» ұранымен ұйымдастырылуда. Былтырғы жылы акция аясында көмекті қажет ететін отбасыларды қолдау мақсатында жалпы білім беру қорынан 8323 балаға көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету үшін барлығы 307,0 миллион теңге қарастырылды. Жаңа оқу жылының басында аз қамтылған отбасылардан шыққан 2338 оқушыға мектеп формасы мен керек-жарақтары түрінде жалпы сомасы 57,2 миллион теңгеге материалдық көмек көрсетілді. 7388 оқушыға жалпы сомасы 220,0 миллион теңгеге ата-аналардың карт-шоттарына аудару арқылы 37389 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.

– Аймақтағы 10813 оқушыға, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 4419 балаға және демеушілік көмек есебінен 6394 балаға көмек көрсетілді. Биылғы жылы облыс бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан оқушыларға (кеңсе тауарлары, мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім және тағы да басқа қажет заттарды сатып алуға) 372,6 миллион теңге қаражат қарастырылған, – дейді облыстық басқарма басшысының орынбасары Батырғалиева Луара Қайрекенқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий