Ақмола облысы: Күйлердің таңғажайып әлеміне саяхат
Атбасар ауданындағы Мариновка ауылдық балалар кітапханасында «Күйлердің таңғажайып әлемі» тақырыбында (Қожеке Назарұлының екі жүз жылдығына орай) арнайы музыка сағаты ұйымдастырылды. Басты мақсаты: қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау, қазақ күйшілерінің шығармашылығы мен өмірбаяндарын оқушылар арасында тарату, өскелең ұрпақтың ұлттық мұра мен халық мәдениетіне құрметін ояту, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Искорка» мектеп жанындағы лагерьдің бүлдіршіндері дарынды импровизатор күйші ғана емес, әділет жолындағы күрескер де көрнекті күйші Қожеке Назарұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімені ықыласпен тыңдады. Ол ерекше орындаушылық мәнерімен ерекшеленетін төл туындылар жасады. Қожеке өз күйлерінде туған даласын, қазақты сөз етті.
Загрузка...1860 жылы Сарыжаз, Текес, Қарқара жайылымдарының Ресей аумағына күштеп қосылуының куәгері бола отырып, «Шалқайма» күйін шығарды, онда қазақтардың, билер мен болыстардың отаршылдық қуғын-сүргіндегі шыдамды да әлсіз саясатын айыптады. Патша әкімшілігі тарапынан қуғынға ұшырап, Шығыс Түркістанға жер аударылды. Бірақ сонда да жергілікті билеушілер тарапынан қуғынға ұшырап, түрмеге жабылып, сол жерде айуандықпен өлтірілді. Зерттеуші М.Ханафиннің айтуынша, Қожеке жүзден астам күй шығарған. Шара соңында балалар күйші композитордың бір шығармасын тыңдады.