Ақмола облысы: Қосшылықтар үшін екі мектеп пайдалануға беріледі

Соңғы жылдары Қосшы қаласында халық саны артып келеді. Соның салдарынан қалада орта білім беретін мектептердің жетіспеушілігі байқалып отыр. Осыған орай қазіргі уақытта Қосшы қаласында 3 мектеп салынуда. Оның екеуі 1 қыркүйекте оқушыларға есігін айқара ашпақ, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Биыл ашылатын екі мектептің бірі 7,5 миллиард теңгені құрайтын жеке инвестиция есебінен салынды. Лесная поляна тұрғын алабындағы бұл мектеп-гимназия бір ауысымда 1,5 мың баланы қабылдай алады. Екі ауысыммен жұмыс істесе, 3 мың баланы сыйдырады. Бүгінгі таңда мектепке 2,5 мың балаға өтініш түсті. Қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Жеке инвестиция есебінен бой көтерген мектеп-гимназия сапалы жиһазбен және озық технологиямен жабдықталған. Ғимараттың қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген.
– Мектеп ішінде 101 бейнекамера, сыртында 20 бейнекамера бар. Олардың барлығы мектептің орталықтандырылған басқару жүйесіне қосулы. Сондай-ақ бір жерден өрт шықса, терезе шағылса арнайы жүйе бірден белгі беріп, ақаудың қайдан шыққанын көрсетеді, – дейді мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Жанар Балдекова. Айта кетейік, Қосшы қаласында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары тағы 3 мектептің құрылысы жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий