Ақтөбелік оқушы үлкен ми сыңарларының жұмыс жасау барысындағы өзгерістерді arduino платформасы арқылы анықтады

Ақтөбелік оқушы Мырзабек Бекнұр үлкен ми сыңарларының жұмыс жасау ерекшеліктерін Arduino бағдарламасы көмегімен зерттеді. – Зерттеу жұмысы үлкен ми сыңарларының жұмыс жасау ерекшеліктерін Arduino платформасы көмегімен зерттеуге арналған. Қазіргі кезде медициналық зерттеу жұмыстарында мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау үшін электроэнцефалография әдісі қолданылады.
Электроэнцефалограмма жүйке жасушаларының белсенділігін және аурудың болу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу жұмысы тек электроэнцефалограф аспабы көмегімен ғана емес, Arduino бағдарламасы арқылы да үлкен ми сыңарларының алған соққыларын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы барысында, жоғарыда аталған бас миындағы өзгерістер мен ауытқушылықтарды анықтау үшін Arduino платформасы қолданылды.
– Зерттеу жұмысын жүргізудегі мақсатым ми құрылысының анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, соққы алған кездегі мидағы импульстердің пайда болу кезеңдерін бақылау болды” – дейді Мырзабек Бекнұр. Arduino – тек бір сала бойынша зерттеу жүргізу үшін ғана емес, көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатын бағдарлама.
Үлкен ми сыңарларының жұмыс жасау ерекшеліктерін зерттеу нейробиология ғылымының маңызды саласы. Осы салада озық технологияларды қолдану жаңа нәтижелерге қол жеткізуге жол ашады. Осы орайда, Arduino платформасының орны ерекше.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий