ҚАЗҰУ ҚР ҒЖБМ ғылым комитетінің грант саны бойынша алдыңғы орында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында 75 жоба бойынша грант жеңіп алып, көш бастады.
Сараптама барысында жоғары бағаланған ғылыми жобалар келесі бағыттарды қамтиды: ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар саласындағы зерттеулер – 10 жоба; өмір және денсаулық туралы ғылымдар – 8 жоба; су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология саласындағы зерттеулер – 6 жоба; геология, минералдық және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар саласындағы зерттеулер – 12 жоба.
Энергетика және машина жасау саласындағы зерттеулер – 2 жоба; жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер – 10 жоба; білім және ғылым саласындағы зерттеулер – 4 жоба; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер – 23 жоба.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий