Халық өнері арқылы көркемдік білім беру

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты” №1 балалар өнер мектебі” ұстаздары мен оқушылары, мектептен тыс жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін “Өмір тозсада өнер тозбайды” тақырыбында концерт ұйымдастырды.
Концерттік бағдарлама барысында күй тартылып, қазақ халқының қазынасы болып саналатын халық әндері айтылды. Сондай-ақ, қазақ ақындарының поэзияларынан өлеңдері оқылып, бишілер түрлі би билеп концертке келген көрерменнің көңілінен шықты.
Іс-шараға өнер мектебінде білім алып жатқан оқушылар мен ата-аналар қатысты. Табиғи дауыспен ән шырқаған шәкірттердің өнері де жоғары бағаланды. Алдағы уақытта да балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий