Жайдарлы жаз

Үлкен де, кіші де ерекше күтетін мезгіл – жаз мезгілі. Күннің көзі күллі әлемді жылытып, тіршілік ерекше бір күйге енеді. Бала біткеннің бәрі далада қас қарайғанша асыр салып ойнайды. Сонымен қатар, үйде жатып кітап оқуға, бір жерге саяхаттап баруға, өзен-көлге түсуге ең таптырмас мезгіл осы жаз!

Ал осы мезгілде бала зерігіп кетпес үшін, уақытын зая кетірмес үшін қандай жұмыс жасаған дұрыс? Осы сұрақ төңірегінде жауап іздесек. Алдымен, балаға өзіне ұнайтын бір хоббимен айналысуға мүмкіндік жасау. Одан кейін, достарымен көп араласып, кездесуіне қарсылық танытпау. Осылардың барлығын бір уақытта іске асқанын қаласаңыз онда баланы жазғы сауықтыру алаңына жібергеніңіз жөн болады.

Сауықтыру алаңында бала зерікпейтіндей, өнерлерін шыңдай түсетіндей барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Шағын мысалмен түсіндірсем: Жоспар бойынша мен алдымен «Достар» тақырыбында психологиялық тренинг өткіздім. Бұл тренингте оқушылар «дос» деген ұғымын кеңінен түсіну үшін бірнеше психологиялық жаттығулар мен ойындар ойнады. «Нағыз қазақ домбыра» тақырыбында «Ұлытау» саябағы алдында ата-аналар мен оқушыларға, саябақ келушілеріне арнап кішігірім іс-шара үйымдастырып, жиналған жұртшылықтың ризашылығына бөленді.

«Мен таза ауылда өмір сүргім келеді» тақырыбында экология күнін үйымдастырдық. Бұл күні оқушылармен мектеп ауласы мен саябақ ішін қоқыстардан тазарттық және тағы да басқалар. Жоғарыдан аталған іс-шаралар бір ғана мұғалімнің өткізген жұмыстары. Ал сауықтыру алаңында мен секілді бірнеше педагог балалардың шығаршамылық дамуына, қызығушылықтарына сай қанағаттандыруға, әртүрлі дағдыларын қалыптастыруға  өз күш-жігерлерін салып жұмыс жасады. Әрине, баланың оқудан ми тынықтырып, демалғаны жақсы. Бірақ бұл мезгілді демалу айы деп қана қарастырмай, баланың жан-жақты дамуына да жағдай жасай білу керек.

Жаңагүл Ғалымқызы КЕНЖЕБАЙ,
Балалар өнер мектебіндегі домбыра
сыныбының оқытушысы, Ұлытау
облысы, Ұлытау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий