Ұлттық аспаптар – мол қазынамыз

Біздің шығармашылық ұжымның оқытушылары “Әуен” қосымша білім беру үйірмесінің оқушыларына “Қазақ ұлттық аспаптарын таныстыру” сабағын ұйымдастырды. Басты мақсат – қазақ халқының бай мұраларын, соның ішінде ән-күйлерін бүгінге жеткізген халық аспаптарының құндылыққа толы қасиетін бала бойына сіңірін, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, танымдық ой-өрісін дамыту болатын.

Бұл күні оқушылар жетіген, домбыра, шертер, шаңқобыз аспаптарымен толығырақ танысты. Ұстаздар көмегімен ұстап, пайдаланып, алғашқы әуен сатыларын орындап та көрді. “Мұндай қосымша сабақтар тек біз өзіміз таңдаған аспапты ғана емес, сондай-ақ, өзге аспаптар туралы да біліп жүруімізге жәрдемдеседі. Осы арқылы біздің түрлі аспаптарды қатар үйренуге деген қызығушылығымыз оянды”, – дейді оқушылар. Мұндай танымдық шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сағия КЕМПИРБАЕВА,
Жанбай балалар саз мектебінің
директоры, Атырау облысы, Исатай ауданы
Загрузка...