Алматы облысы: Мектеп парламенті көшбасшыларының слеты

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 6-7 тамыз аралығында Алматы облысы Қарасай ауданы «Арман дала» лагерінде «Адал ұрпақ, Парасатты жастар – әділеттілік жолында» атты мектеп парламенті көшбасшыларының облыстық слеты өткізілді. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызы және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бекінов Нұрсұлтан Берікұлы қатысып, оқушыларды шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі.
Облыстық слет барысында түрлі байқаулардан (Квест, Зияткерлік турнир, спорттық эстафета, волейбол, театр қойылымын сахналау, ойқазан зияткерлік сайысы) командалық жарыстар ұйымдастырылды. Облыстық слеттің қорытындысы бойынша 1-орын Іле ауданы ( 200 000 теңге), 2-орын Қонаев қаласы (150 000 теңге), 3-орын Жамбыл ауданының (100 000 теңге) командалары иеленді.
Жүлдегерлер білім басқармасы басшысының I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттарымен, сонымен қатар, қатысушылар арасында ерекше көзге түскен оқушыларды, «Жемқорлықа төзбеушілік», «Парасаттылық үлгісі», «Адалдық сақшысы», «Саналы ұрпақ үлгісі», «Креатив» атты номинацияларымен марапатталып, ақшалай сертификаттар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий