Ақтөбе облысы: Елордасындағы үш күндік әлеуметтік турға жергілікті оқушылар да қатысты
Ақтөбе облысынан 10-14 жас аралығындағы оқуда және спортта ерекшеленген 50 оқушы Астана қаласы әкімдігінің шақыруымен елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында “Астана-менің Отанымның елордасы” үш күндік әлеуметтік турға қатысты.

Турдың мақсаты – балаларды елордамен таныстыру, патриотизмге тәрбиелеу, Отанға деген құрметпен сүйіспеншілікті баулу, ҚР тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім алу. Тур барысында балалар Астана-Бәйтерек монументі, “Нұр Әлем” болашақ энергиясы мұражайы, Ұлттық мұражай, Тұңғыш Президент мұражайы, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-тарихи мұражайы, “Атамекен” ашық аспан астындағы мұражайы, Батут орталығы, Есіл бойындағы жағалау және «Мұхит аралы» сияқты басқа да көптеген көрікті жерлеріне саяхат жасады.
Балалар Астана қаласының тарихы, мәдениетімен танысып, білім қоржындарын толықтырып қайтты. Тур қатысушыларына Астана қаласының әкімдігінен естелік сыйлықтар табыс етілді.