Қазақстан құрама командасы географиядан халықаралық олимпиадаға қатысады

Қазақстандық оқушылар 2023 жылдың 8-14 тамызы аралығында Индонезияның Бандунг қаласында өтетін IGEO халықаралық географиялық олимпиадасына қатысады. Ел намысын география пәнінен Республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы және екі жетекші қорғап отыр.
Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы; Арсен Сыдыков – Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы; Қанат Серікбай – Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы; Аида Давлетова – Астана қаласындағы НЗМ 12 сынып оқушысы. Абай Дүйсен – ғылыми жетекші, география магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы; Валеев Рустам – жетекші, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жеңіп алған. Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий