2024 жылдың соңына дейін 76 балалар спорт залы ашылады

«Қазақстан халқына» қоры «Батыр боламын» ҚҚ-мен бірлесіп 20 мыңнан астам баланы қамти отырып, 2024 жылдың соңына дейін 100 балалар спорт залын ашу көзделген екі кезеңнен тұратын «100 балалар спорт залы» қайырымдылық бағдарламасын іске асыруда.

Бірінші кезең аясында 2022 жылдан бастап 10 облыста орналасқан шағын ауылдық елдімекендерде 24 балалар спорт залы ашылды; 52 секция іске қосылды, онда 5000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қамтылды; жобаға 52 білікті жаттықтырушы мен тәжірибелі спорт нұсқаушылары тартылды.

Залдар жұмыс істеген кезеңде оқушылар арасында қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда түрлі спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бар. Солардың бірі – Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында Еркебұлан Исламғали джиу-джитсудан және ММА Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Екінші кезең шеңберінде спорт түрлері бойынша секциялар шеңберінде 15 мыңнан астам баланы қамти отырып, 2024 жылдың соңына дейін республиканың 14 өңірінде 76 балалар спорт залын ашу жоспарланған, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «тең мүмкіндіктер залдары» бар. Сондай-ақ өз балалары үшін спортпен шұғылдануға ақы төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ және әлеуметтік осал санатқа жататын отбасыларды қамту көзделген. Жобаның екінші кезеңі «Қазақстан халқына» қорының шешімімен 2023 жылдың 14 тамызында бекітілген.

Ауылдық жерлердегі (әсіресе шалғайдағы ауылдардағы) балалар мен жасөспірімдерді қоғамға интеграциялау, спорттағы дарынды балаларға арналған «әлеуметтік лифтілер» тетігін құру, оларды ынталандыру және қолдау көзделген. Сондай-ақ спорт олимпиадаларының болашақ жүлдегерлерін, Қазақстанның кәсіби спортшы-өкілдерін халықаралық аренада тәрбиелеу үшін білікті спорттық жаттықтырушы-тәлімгерлердің («Дені сау ұлт тәлімгерлері») тұрақты пулы қалыптастырылатын болады.

Көмек алушылардың нысаналы тобы: 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде даму ерекшелігі (инклюзивтілігі) бар балалар. Осы санаттағы балалардың саны бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 3-дан 5%-ға дейін құрайды. 

«Батыр боламын» ҚҚ еліміздің облыстары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп балаларды спортпен қамту бойынша қажеттіліктер пысықталды, спорттық инфрақұрылымы жоқ (ДСК, спорт залдары мен кешендері, стадиондар, спорт алаңдары және т.б.) елдімекендер (негізінен ауылдық жерлер) анықталды. Спорт залдарын ашу көзделетін елдімекендер мен объектілердің тізбесі жасалды. Әр орын бойынша спорт залдарын ашу жоспарланып отырған елдімекен мен объектінің сипаттамасы бойынша егжей-тегжейлі ақпараты бар презентация қалыптастырылды.

Жобаның жалпы құны – 1 197 194 600 теңге, оның ішінде: «Батыр боламын» ҚҚ салымы – 490 986 000 теңге, спорт залдарына арналған үй-жайларда жөндеу жұмыстарын жүргізуді, бір күнтізбелік жылдағы жаттықтырушы-тәлімгерлердің жалақысын, қосымша спорт мүкәммалын, іссапар шығындарын төлеуді қамтиды. «Қазақстан халқына» қоры 706 208 600 теңге көлемінде сомаға 76 спорт залды жабдықтайды.

Қайырымдылық балалар спорт залдарын ашу жобасының ерекшелігі балалар арасында спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спорт секцияларына бару барысында болашақ спортшыларды адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, достық, өзара көмек, қолдау құндылықтарын, жаттықтырушылардың жеткіншектерді қолдауды насихаттау, сондай-ақ спортзалдардың Қамқоршылық кеңесі мүшелері, кәсіпкерлер-меценаттар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, спортшылар тарапынан балаларды ынталандыру және қолдау болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий