Қазақстанда шағын жинақты мектептерде оқу үдерісін цифрландыру курстары басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу және қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру қажеттігін атап өтті.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, білім беруді тұрақты дамыту қоры және Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды қолдана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын іске қосты. Жобаның ажырамас бөлігі шағын жинақты мектептердің басшылары мен мұғалімдерінің біліктілігін арттыру болды.

Тамыздың 14-і Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары басталды. 2000-нан астам педагог оқытуға кірісті.

Курстар «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген екі білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі: «Шағын жинақты мектептерді басқарудағы цифрлық шешімдер» шағын жинақты мектептердің басшылары үшін және «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» шағын жинақты мектептердің мұғалімдері үшін.

Оқытудан кейін шағын жинақты мектептердің директорлары білім беру жүйесін диджитализациялаудың нормативтік-құқықтық және теориялық негіздерін меңгереді, цифрлық өзгерістер жағдайында пәндерді оқытудағы тәсілдерді жаңарту үшін мектептің білім беру ортасын бейімдей алады. Шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері цифрлық немесе аралас оқыту форматының стратегиялары мен әдістерін; синхронды және асинхронды коммуникацияны; саралау мен дараландыруды, кері байланыс беру үшін онлайн-сервистерді пайдалана отырып, сабақтарды жоспарлауды үйренеді. Жобаны барлық өңірлерге масштабтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

6 өңірдің шағын жинақты мектептерінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған курстар қыркүйектің соңына дейін жалғасады, барлығы 5000-нан астам педагог оқытылады.

Лаура АЛТЫНБЕК,
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий