Алматы облысы: Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі
Мұғалім – өмірде ең лайықты және лайықты адамдарғана көтеретін мақтаныш атағы! Мұғалімнің кәсібі жанның даналығы мен жастығын, орасан зор күш пен мейірімділікті ғана емес, сонымен қатар қатаңдық пен табандылықты біріктіреді! Бұл жай ғана жұмыс емес, ашық жүрекпен және жанның барлық мейірімділігімен жақындау керек нағыз кәсіп. (Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан).

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділ Қазақстан: сапалы білім, Адал ұрпақ, табысты ұлт” атты Қазақстан халқына Жолдауының мақсаты балалардың жан-жақты қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру, жаңа әділ Қазақстанның ұлттық құндылықтарына негізделген сапалы білім мен тәрбиені қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда білім беру саласына көп көңіл бөлінуде, қажетті жағдайлар жасау бойынша педагогтердің мәртебесін арттыру бойынша кешенді іс-шаралар басталып, іске асырылуда және бұл жұмыс біздің аймақта да жарасымды жалғасын табады.
Мектептегі шешуші рөл мұғалімге тиесілі,мектептерде үздік педагогтарды сақтау және мектептерді мұғалімдердің жаңа буынымен толықтыру үшін олардың біліктілігін үнемі арттыру үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін әзірлеу қажет. Мұғалімнің білім беру мен бала тәрбиесіне, демек біздің еліміздің дамуына қосқан үлесі баға жетпес. Мұғалім балаларға білім әлемін ашады, өмірлік даналықты түсінуге көмектеседі және бүкіл ұрпақты тәрбиелейді.
Біздің еліміз өзгерді, білім беру жүйесі өзгерді, біз күштірек, дана болдық, жаңа білім алдық, жаңа дағдыларға ие болдық, мұғалімдер сөзсіз өз кәсібилігімен, өз ісіне берілгендігімен жетістікке жетуге үлес қосты. Мұғалімнің мақсаты-балалар емес, бәрі ойлағандай, бірақ ол балалармен бірге жақсартатын өмір, ойлауға, жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бойында және айналасында әлем құруға қабілетті адамда адамды жинау. жеке мысалмен тәрбиелеу: бір сөзбен, іс – әрекетпен, өз өмірінің барлық тәсілімен-мұғалімнің міндеті бас әріппен.
Тәуелсіз мемлекетіміздің баянды болашағы мұғалімге байланысты, өйткені кез – келген елдің басты ресурстары-онда тұратын адамдар. Мектеп қабырғасынан өз еңбегін не үшін арнайтынын және жастық энергиясын қайда бағыттайтынын, өзін қалай көрсете алатынын және лайықты адамдар ретінде орын алатынын білетін жас жігіттер мен қыздардың ересек өмірге шығуы қаншалықты маңызды. Жаңа әділетті Қазақстан өмірдің барлық салаларына түбегейлі өзгерістер әкелетін мүлдем жаңа дәуірге енуде.
Жаһандық тұрақсыздық пен көптеген жаңа сын-қатерлер жағдайында біз өз құндылықтарымызды нығайтып, болашақтың нақты бейнесін қалыптастыруымыз керек. Басты міндет-жастарды жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу. Демек, оқуда білім беру сапасын арттыру, адал ұрпақты тәрбиелеу, табысты ұлтты насихаттау біздің басты міндетіміз деп санаймын.
Салтанат Дауыспекқызы БЕСПАЕВА,
Алматы облыстық білім басқармасының
басшысы, Қонаев қаласы
Саналы тәрбие – сапалы білімнің бастауы. Қазіргі таңда білім саласының сапасы өте өзекті тақырыпқа айналып отыр. Ең әуелі, «Білім сапасы дегеннің өзі не?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Бұл ұғымды әр адам әрқалай түсінуі мүмкін. Қазіргі педагогикалық сөздіктерде білім сапасы деп оқушылардың жоспарланған мақсаттарға сәйкес белгілі бір кезеңде қол жеткізетін білім мен дағдының, ақыл-ой, адамгершілік және дене дамуының белгілі бір деңгейі деп түсіндіріледі. Менің ойымша, білім сапасының ең өзекті көрсеткіші – өскелең ұрпақтың жетістігі мен әлеуметтенуі.

Ұзақ жылдық тәжірибеге сүйенетін болсақ, мектепте білімі мол, табысты оқушының кейінгі өмірде де, қызметте де табысты болуына кепілдік жоқ. Оған басты себеп – оқушы мектептен алған білімін мектептен тыс уақытта қолдана алмауы мүмкін, өз кезегінде бұған себеп болып отырған оқушының шығармашылық қабілеті мен ойлау икемділігінің жеткілікті қалыптаспауы. Сондықтан, тәрбиенің басты мәселесі, оның ішінде педагогикалық қызметтегі маңызды проблеманың бірі – білім берудің негізгі үш тармағына қол жеткізу: оқуға үйрету, еңбекке баулу және өмір сүруге үйрету екеніне сенімдімін.
Білім сапасы әрбір адамның тұлға ретінде қалыптасып, белгілі бір салада белгілі бір жетістікке жетуге ұмтылуының негізі болып табылады. Ал осы табысты, білімді оқушыны тәрбиелейтін кім? -деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Әрине бірден мұғалім дейміз. Білім беру саласындағы реформалардың басты нәтижелерінің бірі – мұғалім имиджі және мәртебесінің көтерілуі. Өйткені, ұстаз – мектеп жүрегі. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі,оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог кызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
Оқушылардың білім сапасының жоғары деңгейде болмауының бір себебі – мұғалімдердің сапалық құрамының төмен болуы. Мектептердегі педагогтардың жалпы санынан тек қана үш пайызы шебер-ұстаз, 14,8 пайызы зерттеуші және 30,7 пайызы сарапшы. Екінші бір себебі – педагогтардың бір бөлігінің дайындық деңгейінің төмендігі, өздігінен білім алуға және кәсіби деңгейін өсіруге ұмтылудың жеткіліксіздігі. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін оларды қайта даярлаудың жаңа жүйесі жасалып, ақылы, ақысыз кәсіби курстар ұйымдастырылғанымен, өздігінен іздену жеткіліксіз.
Көп жағдайда ұстаздарымыз жоғарыдан келетін бұйрықтарды күтіп отыруға дағдыланған. Мектепте жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалім 40 жаста және одан үлкен. Өкінішке орай, мектепке жас мұғалімдердің келіп жұмыс істеуі жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер) байқалады. Оқушылардың білім сапасын жақсарту отбасының іс-әрекетіне де тікелей байланысты. «Үстіміздегі жылы баспасөз бетінде ЮНИСЕФ ұйымы елімізде арнаулы зерттеулер жүргізіп, қорытындысы бойынша 45,2 пайыз балалар өте кедей отбасынан екенін анықтады». Білім ұйымындағы бесінші сыныптың жағдайын қарастырайық. Сыныпта 20 оқушы бар.
Сол шәкірттердің аналарының он алтысы, әкелерінің 14-і тұрақты жұмыста жоқ. Әңгіме, сауалнама, бақылау және тағы да басқа зерттеу әдістерін қолдану аясында отбасына бару арқылы оқушылардың үйлерінде 80 пайызында ешқандай кітаптың, газеттің жоқтығы анықталды. Бірақ есесіне бәрінің үйінде 1-2 теледидардан, тіпті балалардың бас басында ескі болса да смартфондар бар. Бос уақытында қарайтындары – әлеуметтік желілер, оның ішінде көп жағдайда тыйым салынған контенттер. Оқушылардың тең жартысының астамында үйде сабақ оқуға тұрақты орындары жабдықталмаған.
Білімгерлердің қырық пайыздан астамының үлгірімі орташа. Осыдан-ақ бала тәрбиесіне, осы баланың өзінен бастап үкіметтің де жауапкершілігі де, жұмысы да көп екендігін байқауға болады. Оқушылардың бір бөлігінің сапалы білім алуына олардың тәртіпсіздігі мен қылмыс жасауға даярлығы кесірін тигізуде. Елімізде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы негізсіз қабылданған жоқ.
Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде көше кезуіне тыйым салатын заңда, сағат 23.00-06.00-ға дейінгі уақыттарда тұрғын жайлардан тыс жерлерде, қасында заңды өкілдері жоқ, өз бетімен жалғыз, топпен жүрген кәмелетке толмаған жастар әкімшілік жауапқа тартылатындығы айтылған. Бұл балалардың түнгі уақытта ата-анасының жауапкершілігінде болуын міндеттейді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей жасөспірімдер жасайтын құқықбұзушылық көп жағдайда осы мезгілде орын алады. Ал қоғамда туындайтын бір-ақ сұрақ «Мектеп қайда қарап отыр?» Құрметті ата-ана сіз қайдасыз?
Неге ұстаз түнімен кезекшілікке шығып, сіздің балаларыңызды күзетуі керек? Әрбір ұстаз – ол бір отбасының әкесі немесе анасы. Олардың балаларына кім қарайды және бұл қызметтеріне ақы да төленбейді ғой. Сондықтан да ата-ана бала сіздікі екенін ешқашан ұмытпайық әрі жауапкершілікті басқа біреуге итере салуды қояйық. Кейін кеш болып, бармақ тістеп жүрмейік. Құқық қорғау орындарының таратқан статистикалық мәліметіне жүгінсек, бүгінгі таңда 18431 бала ішкі істер мекемелерінде «әлсіз топтар» (группа риска) есебінде тұр.
Денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселері жөніндегі Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша, еліміздегі 11 мен 16 жас аралығындағы бозбала мен бойжеткендердің бір жүз сексен мыңнан астамы темекіге, оның ішінде бір реттік электронды шылымдарға үйір екен. Осы ұйым кәмелеттік жасқа толмағандар арасында есірткіге, спирттік ішімдікке құмарлардың қатарының көз ілеспес жылдамдықпен көбейіп бара жатқандығын айтып, дабыл қағып отыр.
– Біз кімді, нені ұмыт қалдырдық?, – деген көкейкесті сауалға ең басты жауап ретінде мен алғашқы кезекте ата-ананың тәрбиесі дер едім. Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие – жеке тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ.
Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата – анасына, құрбы – құрдастарына, олардың іс – әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты. Бала тәрбиесі – өте күрделі үдеріс. Күрделі болатын себебі тал бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, үнемі қадағалау қажеттілігімен ұғындырылады. Бір әкенің берген тәрбиесін мың мектеп бере алмайтыны сөзсіз. Баласының қайда, не істеп жүргенін, сабаққа дайындығын, қызығушылығын қадағаламайтын қаншама ата-ана арамызда жүр.
Тамағын тойдырып, киімін әпердік, қалауын жасап отырмыз дейміз. Ал сол бала «түн ортасында көшеде не істеп жүр, бүгінгі сабаққа дайындалды ма, ұялы телефонында не көріп отыр, уақытылы ұйықтады ма, сабаққа кешікпей барды ма?» деген сұрақтар ата-аналардың көпшілігін мазаламайды. Оның орнына «Мектепте мұғалім не деді? Ұрысты ма?» деген сан түрлі мәнсіз сұрақтармен мазалап, баланы ұстазға қарсы қоюға тырысады. Өмірі ата-аналар жиналысына қатыспаса да сол ұстазбен «разборкаға» келуге даяр. Соңында соның кесірі балаға тиетінін сезбейді.
Тәрбие негізінен баланың бал дәуренінен бастап тәні мен жанына бірнеше арнамен құйылады: отбасы, мектеп, қоршаған орта, жұмыс орны. Соның ең бастысы – отбасы. «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі – қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деп қазақтың көрнекті қаламгері, ағартушы ғалым Мұхтар Әуезов айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе ата-ананың парасаттылығына байланысты.
Бала көргенін істейді, ата-ананың өнегісінен асқан тәрбие жоқ. Ал ата-ана мен мектептің арасында тығыз байланыс, бірлік болмай, сапалы білім беру екіталай. Педагогикалық теория мен практика оқушылардың білім сапасын арттыру кешенді жұмыс жүргізілгенде ғана жүзеге асырылатынын көрсетіп отыр.
Бибігүл Мұхамәдиқызы ҚАМЗИНА,
№1 Жамбыл атындағы орта мектептің
директоры, Балқаш аудандық мәслихаттың депутаты