2023 жылы колледж студенттері үшін жаңа 13 жатақхана ашу жоспарлануда

Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда. Олардың 960 орындық 4 жатақханасы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Алматы құрылыс-монтаж колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі жанынан ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 1512 орындық 9 жатақхананы Шымкент қаласында, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында ашу жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85% – дан астамы жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілген.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий