Ұлытау облысы: Колледжер дайындығы әкім назарында
Аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы облыс орталығындағы колледждердің жаңа оқу жылы қарсаңындағы дайындығын тексеру барысында ең алдымен Жезқазған музыкалық колледжінің ғимаратында барған болатын. Нысан қазіргі уақытта күрделі жөндеуді талап етіп тұр. Ол үшін биыл техникалық сараптамадан өтіп, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы басталды, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет. Еске сала кетсек, 2023 жылдың маусымында қатты желдің әсерінен нысанның шатыры ұшып кеткен болатын, қазіргі уақытта ғимарат шатырын жөндеу үшін облыстық резервтен 51 642 600 теңге көлемінде қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес конкурс жарияланды.
Берік Әбдіғалиұлы келесі кезекте Жезқазған гуманитарлық колледжінің жатақханасындағы ағымдық жөндеу жұмыстарын бақылады. Білім беру ғимаратында алпыс миллион теңгеге ішкі әрлеу жұмыстары, ғимараттың қасбетін жаңарту, жертөлесін жөндеу, балкондарын ауыстыру, сынды жұмыстар жоспарланған. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстар да тәмамдалуда. Сонымен қатар биыл колледж жатақханасы жаңа жиhаздармен, тұрмыстық техникалармен толықтырылады.
Жөндеу жұмыстарының барысын қадағалаған өңір жетекшісі қалалық әкімдікке білім беру ғимаратына бастайтын жолға асфальт төсеу, баспалдақ салу жолдарын қарастыруды тапсырды. Және атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын кестедегі уақытына сай аяқтау қажеттігін ескертті. Облыстық білім басқармасына гуманитарлық колледжіне қажетті спорт зал салу үшін ғимараттың қасынан бос жер қарастыруды, ол табылмаған жағдайда басқа ұсыныстар беруді тапсырды.
Загрузка...