Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері алматыдағы хостелдердің жағдайын тексерді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері студенттерді жатақханалармен қамту мәселесі бойынша Алматы қаласындағы хостелдердің жағдайына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында Еуразиялық технологиялық университетінің хостелдеріне ерекше назар аударылды. Жергілікті телеарна өкілдері де мониторинг жұмысына қатысып, министрлік өкілі Абылайхан Ақеркеден сұхбат алды.
Ақерке Абылайхан өз сөзінде «Биыл аймақтардағы техникалық оқу орындарына арнайы гранттар бөлінді. Жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары мен Батыс өңірдің университтеріне сол өңірдің экономикасын дамытуға қажет мамандықтар бойынша мақсатты гранттар бөлінді. Өңірлерде шетелдік беделді оқу орындарының филиалдары ашылуда. Білім сапасын арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар студенттердің өңірлік университеттерді таңдауына зор ықпал етеді деп ойлаймыз.
Ақылы түрде оқуға құжаттар қабылдану жалғасуда. Негізгі мақсатымыз хостелдердегі студент жастардың қауіпсіздігі, санитарлық нормалардың, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы. Хостелдердегі баға құны арзан емес, бірақ пәтер жалдап тұрғаннан тиімдірек. Хостелдерде әр университеттің Жастар департаменттерінің өкілдері жұмыс жасайд», – деп атап өтті.
Еуразиялық технологиялық университетінің тәрбие және әлеуметтік қызмет жөніндегі проректоры Шермет Шерзаттың айтуынша, жаңа оқу жылында оқу орнында 1799 студентті (бірінші курстармен қоса есептегенде) құрап отыр. Оқу орны биылғы қабылданатын студенттер мен өзге де жоғары курс студенттерінің жатақхана қажеттілігін өтеу мақсатында бүгінгі таңда қаладағы Student Нouse (50 орын), GREEN HOUSE (60 орын), Home sweet (60 орын) хостелдерімен меморандумға қол қойған.
Бүгінгі таңда осы үш хостелдегі 170 орынға бірінші курстардан 47, жоғары курстардан 26 студент орналасып үлгерген. Бүгінде Алматы қаласында жатақхана тапшылығы 13 000 орынды құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға аз. Жалпы Алматы қаласындағы университеттер 110 хостелмен келісімге қол қойған. Аталмыш хостелдерде бір студентке арналған орын құны 40-80 мың теңге аралығында.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий