Түркістан облысы: Үздік сәулет құрылыстарының макеті

Келес ауданының тумасы он төрт жасар Шахимардан Жақсылықұлы қолөнердің ерекше түрін жанына серік еткен. Ағаштан ою ойып, түрлі кәдесыйлар жасайтын талантты бала тоғызыншы сыныпқа көшті. Әкесі де анасы да ауылда еңбек пәнінің мұғалімі болғандықтан Шахимарданды кішкентай кезінен еңбекке баулып тәрбиелеген, – деп хабарлайды Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Болашақта құрылыс инженері болғым келеді. Ағам осы мамандықта мемлекеттік грант иегері атанған. Бұл мамандық құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды. Сондықтан маған қатты қызық. Қазір “Бәйтерек”,”Биг-бэн”, “Эйфель” мұнарасы сияқты ғимараттардың макетін жасадым. Үйде әкемнен көп нәрсені үйреніп жүрмін, – дейді жас қолөнерші.

Көп балалы отбасында өскен Шахимардан ұлдардың ортаншысы, қолөнер жағына бала кезінен қызығушылығымен әкесінің алдынан шықпайтын, қолынан келмейтіні жоқ. Әкесі қолөнер шебері, мүсінші, суретші, ағаш ұстасы, шебер. Анасы қолөнер шебері, тігінші.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий