Абай облысы: Жаңа оқу жылындағы жаңа белестер

Сапалы білім — ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш. Білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Жастар білімді болса, еліміз мәңгілік болады. Қазір ұстаздықтың алдына қойылған міндет аса ауқымды. Қоғам дамуының басты факторы – сапалы білімді меңгерген білікті мамандар.

Мұғалімдер мен оқушылардың біліктілігін  көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары облысымызда бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді. Білім жүйесінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау десек, ұдайы дамып, үздіксіз жаңалықпен толығып отыратын салаға артылған жүк те ауыр. Осы ретте біздің аймақта сапалы білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз етуде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жетерлік. Жаңа оқу жылына дайындық барысынан тарқатып айтсам. Өңірдегі мектептер жаңа оқу жылына толықтай дайын. Облыста 102 349 оқушы контингентімен үш жүз екі білім ордасы жұмыс істейді.

Үш ауысымды мектептер жоқ, апатты мектептер саны екеу (Ақсуат ауданы Екпін ауылы «Ы. Қабеков атындағы орта мектеп» КММ, Жарма ауданы Суықбұлақ ауылы «Новотаубинка бастауыш мектебі» КММ). Апатты мектептердің  мәселесі “Жайлы мектеп” пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен шешіледі. Жылыту маусымына дайындық тоқсан жеті пайызды құрайды. Пәндік кабинеттермен негізгі орта мектептердде 234 мектеп пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілген. «Білімді ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында биыл отыз алты кабинет сатып алуға  қаражат бөлінді.

Биыл қыркүйек айында Семей қаласында аутизм спектрі бар балаларға арналған орталық ашылды, облыстық ПМПК ашылады. Абай ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Қазіргі таңда Б. Өтемұратов қоры “Асыл Мирас” аутизм орталықтарының нормаларына сәйкес дизайн-жобаны әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Облыстың барлық мектептерінде бейнебақылау жүйелері және дабыл тетіктері орнатылған. Мектептер толық санитариялық – гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Білім беру ұйымдары алдағы оқу жылында оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, цифрлық сауаттылық оқулықтарымен және көркем әдебиеттермен толықтай қамтамасыз етіледі.

Оқу жылының басында оқулықтармен қамтамасыз ету толық жүз пайызды құрайды. Облыста жалпы контингенті 20 мың студент болатын отыз жеті колледж жұмыс істейді. Биыл ТжКББ жүйесі бойынша облысқа 5500 грант бөлінді. Қазіргі уақытта құжаттарды қабылдау жүргізілуде. 2023-2024 оқу жылында 11 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданатындығы анықталып отыр.   Биылдан бастап оқушылар мектеп асханаларында тегін тамақтанады. Бұл тізімге 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сынып оқушылары кіреді.

Сондай-ақ облыста тігілген мектеп формаларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастамасы негізінде білім басқармасының қолдауы бойынша өңіріміздің жеңіл өнеркәсіп ұйымдарына қолдау көрсету мақсатында мектеп формаларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 23 мыңға жуық  бала қаржылай көмек алады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

2023 жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 23158 оқушыны мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету үшін «Жаппай оқыту» қорынан қаражат қарастырылған. Барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен қамтылған, жедел басқару орталықтарына қосу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектептерде лицензияланған күзет жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес білім беру ұйымдарында турникет орнатылды.  Жыл сайынғы дәстүрлі тамыз кеңесі биыл жаңа форматта өтпек. Тамыз айының 24-25 күндері республикалық тамыз кеңесі «Әділетті Қазақстан. Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбымен барлық өңірлерде ұйымдастырылатын болады.

Еліміздің жиырма өңірінде талқыланатын тақырыптар бөлінген. Секциялық отырыстар “Оқуға құштар ұлт” тақырыбында төрт бағытта өтсе, бірыңғай республикалық тамыз кеңесі 25 тамыз күні өтеді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерін бөліседі. Екі күн ішінде панельдік және секциялық сессияларда педагогтер мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша, инклюзивті білім берудің, Балалардың құқықтарын қорғаудың және білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылайды.

Еліміз бойынша әр өңірден бір жүз елуге жуық қатысушы келеді. Абай ауданында орналасқан «Жидебай-Бөрілі» қорық музейіне экскурсияға апару, Семей қаласының тарихи нысандарына саяхат сияқты мәдени  іс шаралар жоспарланған. Білім беру жүйесінің сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тек терең білім, іскерлік дағды, кәсіби біліктілік кез-келген ұстаздың күнделікті іс-әрекетінде көрінгенде ғана қабілетті, заман талабына сай, дүниетанымдық қасиеті дамыған, сыни тұрғысынан ойлауды көздейтін ойшыл азамат тәрбиелеу болса, оны атқаруда мұғалімдерге  үлкен жауапкершілік жүктелетіні анық.  

Бір сөзбен айтқанда, еліміздің бола­шағының бүгінгіден де баянды болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланысты екені айқын көрінеді. Себебі, білім мен ғылымның дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі, сапалы білім жарқын болашағымыздың кепілі екендігі даусыз. Жаңа оқу жылында жылда білім беру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік бағдарлама қойған міндеттерді шешу жұмыстары жалғасады деп ойлаймын. Өңірлік білім беруді жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік бере отырып, жаңа оқу жылында жаңа белестерге қол жеткіземіз деген сенімдемін. Баршамызға жаңа оқу жылы құтты болсын!

Нұржан Нығметоллаұлы АХМЕТҚАЛИЕВ,
Абай облыстық білім басқармасының
басшысы, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий