Қызылордалық ұстаздар тамыз кеңесінде бас қосты

Қызылордада бес жүзге жуық педагогтың қатысуымен облыстық Тамыз кеңесі өткізіліп, білім саласының өзекті мәселелері қаралып, үздік ұстаздар марапат мінберінен көрінді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жиынға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жумадильдаева, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бағдат Бердаулетов және сала ардагерлері, мектеп директорлары мен ұстаздар қатысты.
«Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, Адал ұрпақ, Табысты ұлт» тақырыбында жаңаша форматта өткен педагогтер кеңесінде Наталья Васильевна министрліктің алдағы жаңа жобалары мен жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарын таныстырса, ал Мейрамбек Зинабдинұлы ұстаздарға әрдайым лайықты деңгейде қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
– Алдағы жаңа оқу жылын 319 мектеп, 386 балабақша мен 16 мемлекеттік колледжбен қатар жеке меншіктегі 453 балабақша, 24 жалпы орта білім беретін мектеп және 12 колледж бастағалы тұр. Бұл білім мекемелерінде жұмыс жасайтын барлық педагогикалық, техникалық қызметкерлер мен балалар біздің назарымыздан тыс қалмайды. Сондықтан, түрлі деңгейдегі білім, спорт, шығармашылық және өнер бағытындағы байқауларға, сайыстар мен конкурстарға барлық балалар мен қызметкерлер бірдей қатыстырылады. Облыстық, қалалық және аудандық оқу-әдістемелік орталықтар тарапынан мемлекеттікпен қатар жекеменшік білім беру ұйымдары да әртүрлі бағыттағы әдістемелік көмектермен қамтылады, – деді М.Шермағанбет.
Конференцияда сөз алған спикерлер білім саласындағы соңғы өзгерістерге тоқталып, дарынды балаларды қолдау, білім мен тәрбие берудің ортақ мәселелерін талқыға салып, идеяларымен бөлісті. Педагогтер жиында еңбегімен көзге түсіп, үздік шәкірттерімен танылған ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрі мен облыс әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамоталары табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий