Солтүстік Қазақстан облысы: Заманауи үлгідегі 29 автобус

Жаңа оқу жылының қарсаңында астықты өңірдегі ауыл мектептері жаңа автобустарға ме болды. Аймақ  басшысы Айдарбек Сапаров мектеп директорларына заманауи үлгідегі 29 автобустың кілтін табыс етті. Автобустар кондиционер, жылдамдықты шектегіш және қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік — біз үшін маңызды жұмыс. Жаңа автобустар оқушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болады Бұл көлік ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделген: пандус пен жүргізушіні шақыру түймесі орнатылған. Облыс бойынша ауыл оқушыларын 143 автобус тасымалдайды. Автопаркті жаңарту жұмысы алдағы уақытта да мемлекеттің қолдауы негізінде жалғасын табады, – деді Айдарбек Сейпелұлы.

Жалпы, білім саласына қомақты қаржы құйылып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығында төрт заманауи білім ордасы салынады. «Береке» шағын ауданында арнайы мектеп-интернатының құрылысы басталды. Биыл 49 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,2 миллиард теңге бағытталған.

Және оқу орындарын тәулік бойы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді. Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары мен балабақшаларда әлеуметтік тұрғында аз қамтылған отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылады. «Жас өркен» және «Береке» шағын аудандарында екі балабақшаның құрылысы басталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий