Алматы қаласы: Қосымша білім беру орталықтары салынады

Балаларды сапалы оқытудың ажырамас бөлігі сыныптан тыс білім беру болып табылады. Сондықтан ел тәуелсіздігінің бесігі саналатын тұңғыш мегаполисте жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен 2025 жылдың соңына дейін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа үлгідегі бес заманауи қосымша білім беру орталығын жаңғыртуды және салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен биылғы маусым айында Наурызбай ауданының балаларына арналған инновациялық шығармашылық орталығының ашылуы біздің қаламыз үшін маңызды оқиға болды. Алатау ауданында осындай орталық тағы бір орталық ашылады. Осы бірегей нысандардың барлығы балалардың танымдық демалысының классикалық және заманауи бағыттарының ынтымақтастығының үлгісі болып табылады, – деді Ерболат Асқарбекұлы.

Әкімнің айтуынша, “Damu bala” платформасында шығармашылық және спорттық тапсырыстарға жергілікті бюджеттен 16,2 миллиард теңге бөлінген. 2025 жылдың соңына қарай қазіргі кезде қабылданып жатқан шаралар есебінен тегін қосымша біліммен қамтудың өсуі қосымша жиырма бес пайызға ұлғайып, тегін үйірмелерге қатысатын балалардың саны 60 мыңға дейін артатындығы жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий