Түркістан облысы: Танымал тұлғаның сурет галереясы

Жаңа оқу жылының қарсаңындағы дәстүрлі республикалық тамыз кеңесінің кие қонған қасиетті мекенде ұйымдастырылған пленарлық мәжісіне қатысуға келген барша педагогтарды танымал суретші Аңсаған Мұстафаның сурет галереясы қарсы алды деуге болады. Конгресс холлдың фойесі қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі Аңсаған Құрманғазықызының қылқалам туындыларымен көмкерілген еді, – дейді Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақ жетекшісі Дархан Амангелдіұлы да суретшінің тек тушпен және ақ-қара түстерге боялған, терең мағыналы сурет көрмесімен танысты. Аңсаған Мұстафаның сурет галереясы тамыз кеңесіне келушілердің назарына бекерге ұсынылған жоқ. Себебі бұл облыстың республикалық тамыз кеңесіндегі негізгі бағыты – “Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие”. 

Қоғамда орын алып жатқан тәрбие саласындағы әлеуметтік мәселелерді бейнелейтін тума талант суретке жан бітіре көркемдеу қабілетіне ие. Қыл қалам иесінің әрбір шығармасынан ой түйесіз, тұжырымға келіп, қорытынды жасайсыз. Көптеген әлеуметтік желілерде таралып жүрген қазақ атына сай, қазақша түсініктеме жазылған түрлі иллюстрациялардың көбісінің авторы осы. Жиынға қатысқан көпшілік танымал тұлғамен естелік суретке түсіп, еңбегіне тәнті болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий