Қызылорда облысы: Тәрбие орталығы жұмысын бастайды

Сыр өңірінде биылғы жаңа оқу жылынан бастап тәрбие орталықтары жұмысын бастайды. Орталықтың мақсаты – балалардың ой-танымын арттыру, спорттық қабілетін шыңдау. Бұл туралы аймақ жетекшісі Нұрлыбек Нәлібаев «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы педагогтерінің республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында айтты, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыс әкімі жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ұлттық құндылықтар мен тұлғатану институтын қалыптастырудың маңыздылығын айрықша атап айтты. Білім берудің үздік тәжірибесін лайықты жалғастыра келе, ұлттық құндылықтар мен тұлғатану институтын қалыптастыруға тиіспіз. Бұл бүгінгі буынның біліміне жауапты ұстаздарды ғана емес, бауыр еті – баласы үшін барын беретін ата-аналарды да алаңдатуы қажет.

– Тәрбие орталығының жұмысы жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталады. Бұл орайда облыстық білім басқармасы полиция департаменті және қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті жерде жасөспірімдердің тәрбиесі, құқық бұзушылығына қатысты нақты талдаулар жүргізіп, кешенді шаралар қабылдауы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Айта кетейік, елімізде болашақ ұрпаққа жол сілтейтін педагог еңбегін лайықты бағалауға бағытталған кешенді іс-шаралар қолға алынған.

Президент тапсырмасымен соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы толық жүз пайызға артты. Қыркүйектің бірінен бастап балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30 пайызға ұлғаяды. Биыл өңірде балаларды мектепке тасымалдау мәселесі де шешімін тапты. Жаңа үлгідегі 30 автобус шалғайдан қатынайтын оқушылардың игілігіне қызмет етпек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий