“Сенімен Болашақ”: Бірегей бастама баяндылыққа бағытталған

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасы негізінде және жан-жақты қолдауымен жуырда үшінші мәрте ұйымдастырылған жалпыұлттық форумға еліміздің әр аймағынан елордасына жиналған жеті жүзге жуық адам қазіргі ата-ана мен бала тәрбиесінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқыға салып, тиімді әрі оң шешімдерді табуды мақсат тұтқан болатын.

Бүгін таңда ата-ана болудың маңызы қандай? Қазіргі ата-аналарда қандай мәселелер бар? Әр түрлі қиындықтарды қалай жеңуге болады? Баланың әл-ауқаты мен үйлесімді дамуы үшін бақытты отбасылық атмосфераны қалай құруға болады? “Сенімен Болашақтың” әр бір мүшесі жақсы біледі, ата-ана болу – баланы дүниеге әкеліп, баланың бір ғажайыппен тұлға болып, өздігінен өсіп жетілмейтіндігін. Облыстық, республикалық деңгейде, қалада немесе алыс шалғайдағы жиындарымыз болсын, тек саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру мен ата-анаға бала тәрбиесінде қолдау көрсетуге негізделеді.

Биылғы жылдың көктем-жаз айларында біз республиканың барлық өңірінде ата-аналар мен олардың балаларының қарым-қатынасы, сондай-ақ бірге өткізілетін отбасылық уақыттың сапасы мен сипаты туралы түсінік алу үшін әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Қазақстандық ата-ананың бала тәрбиесінің кескініне сәуле шашқан нәтижелерін талдағанда көпшілікті толғандырған біраз түйтілдердің жауабы табылды дейге әбден болады. Әлеуметтік сауалнамада 33 пен 55 жас аралығындағы 32 755 ата-ана оның ішінде әкелер – 37,3 пайызды, ал аналар – 62,7% құрайды және 13 пен 17 жас аралығындағы 24 613 жасөспірімдер, оның 48,6 пайызы ұл балалар болса, 51,4 % – қыз балаларды қамтылған еді.

Қатысушы ата-аналардың көпшілігі – әиел адамдар, яғни аналар. Сауалнаманың нақты нәтижесі қазақстандық ата-аналардың дені ақ жаулықталар екендігін дәлелдеп отыр. Бізідің сауалнаманың сипаты ата-ана портретін үш өлшемде зерттеуді қамтиды: саналы ата-ананың тәрбеилік құзыреттілігі, баламен сапалы уақытты өткізу, саналы ұрпақты тәрбиелеу және оның өміріне қызығушылық танытуға бағытталғандығымен де маңызы зор. Саналы тәрбие туралы дискурс салыстырмалы түрде жақында пайда болғанымен, біздің еліміздің ата-аналар қауымы бұдан хабардар және қызығушылық танытуда.

Сұрақтарға жауаптардан анықталғанындай ата-аналардың елу бір пайызы бала тәрбиесіне қатысты түрлі басылымдар мен ақпараттық материалдарды үнемі оқиды. Сондай-ақ баламен оң қарым-қатынас құруда аймақтар арасындағы саралау таңқаларлық солтүстікке қарай неғұрлым оң көрсеткіш болса соғұрлым дұрыс бағытта. Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО өңірлерінде ата-аналардың сексен пайызға жуығы баласына жылы сөз айтуды, қалжыңдауды, сүйіп отыруды күнделікті әдетке айналдырған.

Оңтүстік облыстарда (Шымкент, Түркестан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) бұл көрсеткіш алпыс жеті пайыздан төмен. Ата-аналардың шамамен 79 %-ы кез келген жағдайда барлық істерін тастап, баласына қамқорлық жасауға дайын екендіктерін айрықша атап айтқан абзал. Және ата-аналардың жетпіс алты пайызы әр аптаның бір күнін үнемі баласымен бірге өткізеді. Бірақ тәрбиелік мәні өте мағызды болып саналатын, өткізген күнді қорытындылайтын кешкі әңгімелесу әдеті тек ата-аналардың 60 %-ында ғана байқылып отыр.

Ата-аналардың балалармен сапалы уақыт өткізуіне кедергі болатын белгілі бір себептер бар. Біздің өміріміз бұрынғыдан да жақсы және балаларымызға көбірек уақыт пен күш қалдыру үшін энергияны, уақыт және ресурстарды дұрыс қолдана білу өте маңызды. Баламен сапалы уақыт өткізу сән-салтанат емес өмір мазмұны болуына басымдық берген дұрыс. Иә, біз балаға өз уақытын барынша тиімді пайдалануды үйренуге, бала мен қарым-қатынасымыздың тиімділігін арттыруға басымдық беретін және басқада өмірлік дағдыларды үйретуге көмектесетін сапалы уақытты айтып отырмыз.

Ата-аналардың жартысына жуығы демалыс күндерде туыстардың үйіне баруды қалап тұрады. Отыз пайызында демалыс күндерді бірге өткізу тәсілі шопинг пен саябақты аралау болса, тек 12 %-ы мәдени іс-шараларға яғни кинотеатрға, концерттерге және театр қойылымдарына барады. Баланы еңбекке тәрбиелеумен ата-аналардың сексен алты пайызға жуығы айналысады. Ал алпыс пайызы еңбек баланың міндеті деп санаса, тек 26 %-ы еңбек тәрбиесіне саналы түрде қарайды.

Зияткерлік мәселелерді шешуде ата-ананың қолдауы маңызды. Ата-аналардың шамамен елу бес пайызы кейде үй тапсырмасын бірге орындауға қатысады, ал респонденттердің 23%-ы бірге орындайтындықтарын жасырмайды. Сауалнама сұрақтарына шынайы жауап бергендердің шамамен жиырма бір пайызы бұл үдеріске мүлде қатыспайтынын көрсетіп отыр. Яғни олар баланың үй тапсырмасына қанша уақыт жұмсайтынын немесе оның орындалуында қадағалаймайды екен.

Бірінші тарапта ата-ана баланың оқу-тәрбиелік міндеттерін орындауға қатысуы баланың эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді, стресс пен алаңдаушылық деңгейін төмендетеді. Екінші тарапта біз балаға қажетті өмірлік дағдыларды дамытуға және меңгеруге кедергі жасай отырып, оған зиян келтіруіміз мүмкін болатынына келісіңіз. Сауалнама нәтижелері ата-аналарға балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу үдерісін дұрыс құру туралы көбірек дағдылар мен лайфхактар беруіміз керек екендігін көрсетті. Саналы ата-ана баласын өмірге бейімдеуі, оның өміріне мазмұнды араласу арқылы саналы тұлғаны тәрбиелей алады.

Баланың өміріне араласу баланың жайсыз сәттерінді жақсылық пен жамандықтың, адамгершілік қасиеттің не екен сұрау немесе қорқытып еске салу дегенді білдірмейді. Бұл баланы отбасындағы пікіралмасуға тарту, оның жеке басына құрметпен қарау, бақылау емес, оның өміріндегі оқиғаларды білу, қорқытпау, дұрыс моралдық принцептерді таңдаудың маңыздылығы туралы кеңес беру. Зеріттеулерге сәкес, ата-аналардың 84%-ы жасына қарамастан балалармен кеңеседі.

Ата-аналардың елу бір пайызы таңдаулы отбасылық мәселелерде талқылауға балаларын кірістіреді, ал ата-аналардың тек 30%-ы міндетті түрде мәселені ортақ талқылайды екен. Баланы тәрбиелей отырып, ата-ана өзін тәрбиелейді. Сауалға қатысушылардың жартысы өз баласының сынына ашық екендіктерін айтқан. Бірақ ата-аналардың үштен бірі олардың әрекеттерімен шешімдеріне қатысты ешқандай сынды қабылдамайды.

Ата-аналардың барлығы өз балаларын достарын жеке таниды және біледі, өкінішке орай баланы  бірлесе отырып тәрбиелеу біздің елімізде әлі дұрыс дағдыланбаған. Бірлескен ата-аналар тәрбиесі дегенді біз балаларымыздың достарымен қоса ұйымдастырылған іс-шараларды айтамыз. Негізгі әңгімені түйіндей келе қортындылағанда бала өміріне ата-ана көзімен қарауымыз қажет. Қазақстандық бала бос уақытында үй шаруасына көбірек араласады, достарымен серуендеді немесе спортпен айналысады, интернетте немесе теледидарды көп көреді және кітапты аз оқиды.

Айта кету керек, бұл қазірдің өзінде әлемдік тренд, әлеуметтік желілер физикалық дамыған дененің маңыздылығын көрсете отырып, қазіргі заманғы балалар арасында спорттың өсіп жетілуі мен танымалдылығына әсер етті. Балалардың көпшілігі, яғни  82 %-ы мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста болсада, әліде қорқыту мәселелері еш жерде жойылмағаны байғалады. Ата-аналардың жауаптары мен дәлелдері ата-ана-бала-мектеп үштік одағы сенімінің төмен деңгейін көрсетті. Баланың мектеп өмірі көбірек көлеңкеде қалып отыр.

Біздің зерттеуіміз қазіргі замандағы ата-анасының бет бейнесін ашуға, ата-ана мен тұлға тәрбиесінің өзекті мәселелеріне жарық түсіруге көмек берді. Біріншіден, сауалнама ата-ана тәрбиесінің көптеген салаларында бейсаналық қабілетсіздікті растады. Ата-аналарға қолдау, ақпарат, дағдылар мен білім қажет. Екіншіден, бұл менің командам үшін өте маңызды, зерттеу нәтижелері бізге өңірлер мен мәселелер бойынша сараланған қажетті іс-шаралар картасын қалыптастырды.

Сөзімнің соңында осы сауалнамаға қатысқан барлық ата-аналар мен мемлекеттік тұрғыдан маңызы зор алқалы басқосуға арнайы келген азаматтарға, паразатты пайымы мен ұтырлы ұсыныстарын ортаға салған сарапшыларға, отандық педагогика саласының кәсіби мамандарына, баяндылыққа бастайтын бірегей бастамаға демеу білдірген жанашыр жандарға шексіз алғысымды білдіремін!

Біздің миссиямыздың қозғаушы күші «Сенімен Болашақтың» ата-анасы сіздерсіздер. Перзенттеріміздің арман құлшынысы мен бақытты сәттеріне шабыттана отырып, біз сіздермен бірге отбасымыз бен еліміздің жарқын, мазмұнды болашағын құру жолында аянбай еңбек етуді жалғастырамыз. Сенімен Болашақ – Сеніммен Болашақ!

Жансая Бердімұратқызы ИСМАГУЛОВА,
“Сенімен Болашақ” республикалық
қоғамдық бірлестігінің төрайымы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий