Ұлытау облысы: Үш өлшемді әдістемелік жүйе

Оқу-ағарту министрлігі мен аймақ әкімдігінің білім беру жүйесін дамытудың жол картасы шеңберінде моноқаладағы білім жүйесін дамыту мақсатында өңірімізде педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін «Ұстаз-Ұлытау» жобасы іске асырылуда, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сәтбаев қаласында білім сапасын көтеру мақсатында биылғы оқу жылында Жауымбай Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педтехнологиясы» енгізілді. Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебінде осы технологияның авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Амантұрлыұлы педагогтермен кездесіп, оқыту семинарын ұйымдастырды.

Білім беру тарихына осыдан көптеген жылдар бұрын педагогикалық технологиясын енгізе отырып, білім беру жолында тың да тиімді әдісін көрсеткен бұл технология еліміздегі барша педагог үшін етене таныс. Өткен аптаның ортасынан бері шағын шаһардағы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған арнайы курс өткізіліп жатыр. Практикалық курсты мектеп оқулықтарының авторы, «Арман-ПВ» баспасының ғылыми жетекшісі Кобдикова Жанартай Уажитовна мен жоғары санатты педагог-информатик Нұрманбетова Шайкамал Касеновна жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл технологияны бүгінгі кіріктіре оқыту болашақта білім сапасының тұрақты түрде жақсаруына оңтайлы болмақ. Жиналғандар осы педагогикалық технологияның енгізілуіне бастамашылдық танытқан “Ustaz Ulytau” педагогикалық трансформация орталығына ризашылықтарын жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий