Жамбыл облысы: Арнайы семинар практикум ұйымдастырылды

Қазақстан халқының тілдері мерекесі мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жергілікті оқу-әдістемелік орталықтың қолдауымен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Заманауи әдістемелер мен озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсыну, мұғалімдердің оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасуына ықпал ету, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану мақсатында өткен іс-шараны облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы Усерова Шахризада Асылбекқызы жүргізді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғалымдары жалпы білім беретін мектеп деңгейіндегі лингвистикалық білім мазмұнын қалыптастыру дағдылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелері, мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың жайы туралы ой бөлісті. Шара аясында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдары мен қазіргі кездегі инновациялық технологиялар, үлгілі авторлық бағдарламаларға қоса озық үлгілер талқыланып, тәжірибе алмасты.  

Басқосуға жоғары оқу орнының ғалымдары, аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 63 педагог офлайн форматында қатысса, әлеуметтік желілер мен ZOOM бейнебайланыс режимі арқылы 876 педагог қамтылған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий