Ұстаздар үйінде Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында жергілікті қоғам өкілдерінің қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВТЫҢ Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Жиынға институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Нургул Абишева, «AMANAT» партиясының Ақтөбе қалалық фракция мүшелері, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары Райса Байлиева, Шынар Ершілік, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен облыс педагогтері қатысты.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясының Ақтөбе қалалық фракция мүшесі, қалалық мәслихаттың депутаттары Р.О. Байлиева, Ш.Е. Ершілік – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдаудың негізгі басымдықтарын қатысушыларға кеңінен баяндап берді.

Жолдаудың еліміздің экономикалық дамуына, жаңа технологиялардың игерілуіне, адам құқығы мен ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде инновациялық жобалардың дамуына бағытталғандығы ерекше атап өтілді.

Спикерлер биылғы Жолдаудың өз ерекшелігі бар екендігін айтып, елдің игілігіне бағытталған басты құжатта ел өміріне қатысты салмақты дүниелер мен білім, әлеуметтік салаға қатысты маңызды жаңалықтар жария етілгендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, алға қойылған міндеттерді, басымдылықтар мен тапсырмаларды орындауда әрбір азаматтың өз үлесін қосуына шақырды, педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылар мазмұнды да сындарлы кездесу үшін алғыстарын жеткізіп, Жолдауды жүзеге асыру экономиканың одан әрі өсуіне және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Жиынға қатысқан қоғам белсенділері, Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұжымы, облыс педагогтері биылғы Жолдаудағынегізгі бағыттарын талқылай келе, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы алдағы атқарылатын іске зор жауапкершілік жүктейтіні мәлім.

Жолдау мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік саласын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналатыны айқын.

Марал АДИЛХАНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының бас әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий