Екі жүз жиырма мыңнан астам педагог жалақысына елу пайызға дейін қосымша ақы алады

Елімізде 350 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий