Алматы облысы: Қоғамдық қордың қаржылық қолдауы

Есік қаласында жалпы білім беретін мектептің құрылыс жұмыстарының нөлдік циклінің аяқталуына байланысты жаңа ғимаратының алғашқы тасы қаланды. Жобаны ForteBank Болат Өтемұратов Қоры арқылы қаржыландырып, «Верный капитал» компаниясының қолдауымен іске асырылуда. Келесі жылдың жазында мектеп қала әкімдігіне беріледі. Жобаның құны 8,1 млрд теңгеден асады.

– Оқушылар санының артуына байланысты аймақтағы мектептердің шамадан тыс жүктелуі байқалады, оның 53-і үш ауысымдық режимде жұмыс істейді. Өткен жылы біз отандық бизнесмендер мен меценаттарға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мемлекеттік мектептердің құрылысын қаржыландыруға шақырған болатынбыз. Нәтижесінде қазақстандық қоғамдық қолдауының қаржысымен Есік пен Шелекте екі мектеп салынып жатыр, – деді өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Ауданы 12,5 мың м2 мектеп тоғыз жүз оқушыға есептелген. Оқу кабинеттерімен қатар, ол рекреациялық аймақтармен, оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және гимнастика залдарымен, ақпараттық орталықпен, зертханамен, шығармашылық студиясымен және коворкинг-кеңістігімен жабдықталады. Есік қаласында жаңа мектептің ашылуы, аумағында тұратын барлық балаларды қабылдап, және Алматыға күнделікті қатынап оқитын оқушылардың сапарларын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

– Ел халқының қарқынды өсіп келе жатқаны қуантады. Сонымен қатар, біз барлық салаларда қоғамның пропорционалды түрде өсіп келе жатқан сұраныстарын қанағаттандыра білуіміз керек, бұл жағдайда балалардың білім алуы үшін лайықты жағдай жасауымыз керек. Жаңа мектептердің құрылысы мемлекеттік бюджетке жүктелетіні құпия емес, сондықтан ForteBank Алматы облысына көмектесуге және сыйлық жасауға шешім қабылдады. Біз жаңа, заманауи мектептің құрылысына қаражат бөлдік, ол техника мен технологиялардың соңғы үлгілерімен жабдықталады, ондағы жағдайлар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелеріне сәйкес келеді. Бұл біздің қоғамның зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан үлесіміз, – деді ForteBank Басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

– Мектеп салу әлеуметтік маңызы бар жауапты міндет. «Верный капитал» компаниясы, Forte Bank және Болат Өтемұратов Қоры мемлекеттік үлгідегі классикалық мектептерді емес, білім беру мекемелерінің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін, тіпті одан да асатын заманауи оқу орындарын құра отырып, зор үлесін қосуда. Есік қаласында 900 орындық жаңа мектеп салу бірнеше міндеттерді шешеді. Дәл осы заманауи және жабдықталған мектептердің құрылысы балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды. Қосшыдан кейін Есік қаласындағы мектеп ағымдағы мәселелерді шешіп қана қоймай, балалардың оқуы мен денсаулығына оң әсер ететініне сенімдімін, – деді Болат Өтемұратов қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман.

– Біз мәдени құндылықтарды, әлеуметтік нормаларды және өмірлік философияны жеткізу тәсілі ретінде білімнің құндылығына сенеміз. Саналы азаматты тәрбиелеу мен қалыптастыруда білім ғана емес, білім беру ортасы да маңызды. Сондықтан біз әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес өскелең ұрпақтың дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасау үшін орта және жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды дәйекті түрде іске асырып жатырмыз, – деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Еран Оспанов.

Алматы облыстық білім басқармасының
баспасөз қызметі, Қонаев қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий