Қазақстандық оқушылар ejoi информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды

Биылғы жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Мұнда әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсекеге түсті.
EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады. Бұл маңызды оқиға, Еуропа Кеңесінің мүше- мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды: Алтын – Мамадахунов Мансур – Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Күміс – Серікбай Сұңғат – Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы; күміс – Аменов Әлем – Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; қола – Алдамжаров Әлішер – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері: Сатылханов Темірлан Қайратұлы-Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы. Қазақстандық құраманы олимпиададағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий