Fulbright бағдарламасының стипендиаты Байтұрсынов университетінде

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері FULBRIGHT бағдарламасының арқасында ағылшын тілін тіл иесімен бірге үйренуге мүмкіндік алды. Университет студенттерінің осы бағдарламаның стипендиаты Сэйди Риттермен алғашқы кездесуі бейресми түрде өтті, онда шетелдік қонақ университет тарихы, білім беру бағдарламалары және студенттерімен танысты.

Сэйди Риттер жаһандық зерттеулер мен орыс мәдениеті бойынша бакалавр дәрежесіне ие, сонымен қатар ересектер мен иммигрант балаларға ағылшын тілін үйрету тәжірибесі бар. Жаңа оқу жылында Сэйди Байтұрсынов университетінде ағылшын филологиясын оқитын студенттерге ағылшын тілін үйретеді. Оқытудан басқа Сэйди университет қабырғасынан тыс барлық студенттер үшін әртүрлі кездесулер өткізуді көздейді: сөйлесу клубтары, оқыту семинарлары, АҚШ мәдениеті, тарихы және географиясымен танысу клубы. Одан бөлек студенттік өмірінің тәжірибесімен бөліседі.

Айта кетсек, Байтұрсынов университеті бұл бағдарламаға 2021 жылдан бері қатысып келеді және осы уақыт ішінде FULBRIGHT бағдарламасының 4 стипендиаты келді. FULBRIGHT – әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі болып есептеледі, соның арқасында қазақстандық студенттердің де осы бағдарламаға қатысуға және осылайша АҚШ-тағы университеттерде дәріс алуға мүмкіндігі бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий