Астанадағы ақпараттық технологиялар мектебі

Елордасындағы білім беру ұйымдары ақпараттық технологиялар (IT) саласын тереңдете оқытуға мән бере бастады. Бүгінгі таңда қала аумағында осы бағытта білім беретін төрт (№8, 73, 59, 85) мектеп бар. Бұл мектептерде компьютерлік графика, видео-технология, мобильді қосымшалар дайындау, робототехника, веб-сайттар құру және 3D модельдеу, Design, web-технологиялар, электроника және мехатроника бағыттары тереңдетіліп оқытылады.

Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығын дамыту мақсатында Scratch, Tynker, CodeCombat қарапайым ойын бағдарламаларымен бағдарлама жасау, орта, жоғары буын оқушылары Python, Java, HTML бағдарламаларын Kodoqu платформасымен оқу арқылы үйренуде. Сонымен қатар, қала мектептеріндегі білім беру үдерісін жақсарту мақсатында Online mektep.kz, Bilim Land, Daryn.online сияқты ақпараттық-білім беру платформаларында жұмыс істейді.

IT бағытта білім беретін 18 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (3 мемлекеттік, 15 жеке меншік) IT-мамандықтар бойынша («Компьютерлік инженерия және ақпарат құралдары», «Бағдарламалық қамтамасыз ету») оқыту жүріп жатыр.

– Астанадағы мектепке дейінгі білім беру ұйымына қабылдау «INDIGO: Электронды балабақша» ақпараттық өнім арқылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тікелей байланыссыз және жылдам қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында былтырғы шілдеден бастап электронды типтік келісім-шарт енгізілген. Балалардың қатысуының ашықтығын толық бақылау үшін ата-аналарға сабаққа қатысу жазбаларын көруге рұқсат берілді. Сонымен қатар биылдан бастап «Электронды балабақша – Тағамды бақылау» жобасын енгізу жоспарлануда, – деді өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте жергілікті білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов.

Нариман Таңатарұлының айтуынша қаладағы білім беру ұйымдарының бәрі цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Барлық камералар мен дабыл түймелері полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Орнатылған камералар барлық талаптарға сәйкес келеді. Білім беру объектілерінде қауіпсіздікті бірінші санаттағы лицензиясы бар, жеке күзет компаниялары қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, барлық білім нысандарына турникеттер орнатылған.

Астана қалалық білім
басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий