Қарағанды облысы: Дамыту жұмыстары жүйелі жалғасады

Аймақ жетекшісі Ермағанбет Бөлекпаевтың Осакаров ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті бас ұстаз Гүлсім Қожахметова «Балдырған» бөбекжайына, «Жастар» балалар – жасөспірімдер орталығына, Колхозное селосындағы №33 және Озерное селосындағы №13 мектеп сынды бірқатар білім беру ұйымдарына барып, жағдаймен танысты, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы бұл аудан бойынша биылғы білім беру шығындары 9 миллиард 8 миллион  864 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттің қолдауы 16,3 пайызға артқан. 432 миллионға жөндеу жұмыстары жасалса, 105 миллион теңге қазандықтарды шығаруға жұмсалған және 188 миллион теңгеге жаңа модификациядағы он тоғыз пәндік кабинет сатып алыныпты.

«Білім беруді тұрақты дамыту қоры» жобасының негізінде Ә. Бөкейхан атындағы мектебі оқу кабинеттерінде, асханада, кітапханада жалпы сомасы 250 миллион теңгеге барлық жиһаздары толығымен жаңартылғаны айтылды. Есіл ауылының №2, Озерное ауылының №13, Колхозное ауылындағы мектептерде келесі жылы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Ақбұлақ ауылындағы №28 мектеп бойынша «Ауыл-ел бесігі» аясында екі жылдық жоба жалғасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий