Almaty Urban Fest: Көшелік спорттардың жаңа шыңдары

Өткен демалыс күндері Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында қалалық және экстремалды спорт түрлерінің жыл сайынғы Almaty Urban Fest фестивалі өтті.

Оған 1500-нан астам спорт сүйер қауым, сондай-ақ 5000-нан астам көрермен мен қонақтар қатысты. Бұл фестивальге Қазақстанның әр өңірінен және көршілес Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан сияқты елдерден спортшылар қатысты. Фестиваль Алматы қалалық спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Бірінші іріктеу күні сенбі, ал жексенбіде гранд финал және марапаттау рәсімі өтті. «Халық Арена» кешенінің аумағында стрит-воркаут, черлидинг, стрит-дэнс, қолкүрес, арқанмен секіру, гір көтеру және стритболдан жарыстар өтті.

Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Бетонная плаза» скейтпаркінде скейтбординг, агрессивті роликте сырғанау, скутермен және BMX-пен өнерлі айлалар бойынша жарыстар өтті. Оларға кәсіпқойлар да, әуесқойлар да, тіпті жаңадан бастағандар да қатысты.

Барлық жеңімпаздарға медальдар, дипломдар, бағалы сыйлықтар және ақшалай сертификаттар табыс етілді. Айтпақшы, спорттың 11 түрінен жалпы жүлде қоры 6 120 000 теңгені құрады.

Сонымен қатар, кәсіби диджей, рэп батл, сондай-ақ хедлайнерлер Нұрболат Қанай мен ALPHA тобының қатысуымен бай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мұндай жобалар қала мәдениеті мен экстремалды спортты дамытуға өте жақсы әсер ететіні анық.

BMX-фристайл бойынша төреші Тимур Дәуітқұлов бұл жастардың күш-қуатын сынауға мүмкіндік беретін және спорттық шеберліктерін одан әрі дамытуға уәждеме беретін бірегей фестиваль екенін атап өтті.

Мамандардың пікірінше, көше спортының ең маңызды артықшылығы – оның қолжетімділігі мен уақыттың жаңа тенденциясын ескере отырып тармақтарының алуан түрлілігі. Бұқаралық спорттың басты жүлдесі – денсаулық, ал жеңіс – жай ғана жағымды сыйлық.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий