Сүлей суреткер Оралхан Бөкей шығармаларындағы адамгершілік болмыс

Оралхан әңгімелері өзіне ғана тән қарапайым, қайырлы өрнектерімен баурайды. Бұл туралы Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» жобасының шығарылымы аясында Орталық тренері Абай Қалшабектің «Оралхан Бөкей шығармаларындағы адамгершілік болмыс» ашық дәрісінде айтылды.

Көрнекті жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің барлық шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі – ол адам, оның рухани болмысы мен өмірлік сабақтары. «Атау кере», «Кербұғы», «Апамның астауы», «Тортай мінер ақ боз ат» шығармаларының гуманистік идеялары, ондағы терең психологиялық параллельдер дәріске қатысушы оқырманды тағы да қайран қалдырды. «Шабыттағы» кезекті басқосу ұстаздардың өздерінің өмірлік және кәсіби құндылықтарына ой жүгіртуіне тағы бір  түрткі болды. 

Айта кетейік, елімізде «Алтайдың Кербұғысы» атанған қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар өтуде. Осыдан үш жыл бұрын бастауын алған «Шабыт» жобасында ғылым, өнер, театр, музыка және кино салаларындағы белгілі тұлғалардың көпшілік дәрістері  ұсынылды. Сонымен қатар жоба аясында қазақтан шыққан ұлы тұлғалардың тәрбие мен оқытуға қатысты көзқарастарын еліміздің барлық ұстаздарына насихаттау бағытындағы дәрістер сериясы жалғасады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий