Димаштың фанаттары, еріктілер, қытайдағы қандастар мен студенттер Азиадада Қазақстан құрамасына жанкүйер болуда

Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленуде. Біздің құрамаға Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастармен қатар жергілікті спорт жанкүйерлері де қолдау білдіріп жатыр.

«Қазақстандық дзюдошылардың белдесулерін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын»,- дейді Ханчжоу тұрғыны Дэн Юэ.

Сондай-ақ, Азиадада жүрген еріктілердің арасында қазақстандық спортшыларға қолдау білдіретіндер көп. Олардың басым бөлігі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері. Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіруде.

«Ия мен ол әншіні (Димашты) білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі»,- дейді Азия ойындарын тамашалауға Бейжіңнен келген Лю Пэнчжань.

ҚР ТСМ Баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий