Аяулы ұстазымыздың бейнесі мәңгі есімізде

(х.ғ.д., профессор Н.Нұрахметовтің туғанына 85 жыл толуына орай). Химия ғылымдарының докторы., профессор Н.Нұрахметов 1938 жылы 25 қыркүйекте Алматы облысы Ескелді ауданы Жетісу атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Бейорганикалық химия кафедрасында аға лаборанттық қызметтен бастап, стажер-зерттеушілікті аспиранттықпен жалғастырып, кандидаттық, докторлық диссертациясын табысты қорғаған. 1988 жылы бейорганикалық химия кафедрасы бойынша профессор атағын иеленген. Профессор Н.Нұрахметовтің туғанына 85 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында «Аяулы ұстазымыздың бейнесі мәңгі есімізде» атты еске алу кеші өтті.

Кешке факультеттің 1 курс студенттері және оқытушылар құрамы белсене қатысып, ұстаздың химия саласына қосқан қомақты еңбектері талқыланып, таныстырылды. Әсіресе, қазақ тілінде жазылған «Жалпы химия» оқулықтары мен оқу құралдары және ғылыми еңбектері кеңінен қарастырылып, 1 курс студенттерінің химияға деген қызығушылықтарын арттыруға әртүрлі қызықты тәжірибелер жасалды.

«Ғалымның өзі өлсе де хаты өлмейді» демекші, профессор Н.Нұрахметовтің өзін көрген оқытушылар өзінің көзі тірісінде жазып кеткен өмірбаяны мен педагогикалық қызметіндегі жетістіктері туралы естеліктер айтты. Сонымен қатар, химия саласы бойынша ғана емес, педагогика саласында да ұжымына сыйлы, өзінің адами болмысымен, азаматтық тұлғасымен, өршіл мінезімен, терең білімі мен білігімен Немеребай Нұрахметұлы өз ісінің шебер маман иесі бола білді.

Әсіресе, дәріс оқу барысында дәйек пен аргументтен тұратын ойлы пікірлерді тыңдаушыларға нақты жеткізетін  ерекше педагог-дәрісші болатын. Химия саласындағы ғылыми жетістіктері үшін профессор Нұрахметов Н.Н. Қазақстан жоғары мектебі Ғылымдар Академиясының академигі (1995 ж.) және Нью-Йорк Ғылымдар Академиясының мүшесі (1996 ж), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001), Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі (2008 ж) деген құрметті атақтарға ие болған.

Профессор Н.Н.Нұрахметовтың ғылым мен білім саласындағы және қоғамдық еңбектері республика деңгейінде бағаланып, көпшілікке танылған. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” атағын иемденіп «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі» медалімен және бірнеше грамоталармен марапатталған. «КСРО ағарту ісінің үздігі»,А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалінің  иегері, ЖОО үздік оқытушысы да болған. Қорыта айтқанда, ағамыздың өзі өмірден өткенімен, біздің есіміздегі жарқын бейнесі, сөзі ешқашан өлмейді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, доцент, х.ғ.к., Ниязбаева А.И.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті, х.ғ.д., Балғышева Б.Д.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к., Далабаева Н.С.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий