Министр просвещения Гани Бейсембаев поделился воспоминаниями о своих учителях и запустил челлендж к профессиональному празднику / Биыл ресми түрде бекітілген Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің ұстаздары жайлы естеліктерімен бөлісіп, барша қазақстандықтарға челлендж жолдады

«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ

Құрметті әріптестер, менің қадірлі ұстаздарым!

Биыл ресми түрде бекітілген төл мерекеміз – Мұғалімдер күні қарсаңында өзімнің аяулы ұстаздарым жайлы естеліктеріммен бөліскім келеді. Ең алдымен Хәкім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қағидасын бойыма әбден сіңірген, өмірлік ұстаздарым  – ата-анама алғыс айтқым келеді. Кезінде біз бір қабатты, сабан кірпіштен қаланған, шағын мектепте тәлім алдық. Сол аядай ғана білім ұясын оқушыға деген махаббатымен зәулім әрі жарық еткен ұстаздарымды әрдайым құрметпен еске аламын. Әсіресе алғаш «Әліппемен» таныстырып, сауатымызды ашқан Қызылбаева Дәмеш апайыма мың тағзым етемін. Бүгінде ол кісі тоқсанның төріне шыққан ардақты әже. Дәмеш апайдан кейін 4-7 сыныпта бізді өз алақанына алған Сыздықова Күлтай  апайымыз да жадымызда. Әуелде қатал көрінгенмен, қамқоршы болған ұстазымыздың жақсылықтарын бала көңіл қайтіп ұмытсын?! Одан кейінгі қызық та ең қиын кезең, бозбала мен бойжеткен сәтімізде тәлімі мен тәрбиесін көрген сынып жетекшіміз Сейілова  Ұлтай апайымызды ұмыту тіпті де мүмкін емес. Ұлтай апайдың сол кездегі бейнесі «Қыз Жібек» фильміндегі Жібекке ұқсайтын. Қазақ әдебиетінен дәріс беретін ұстаз әдеби шығармалардың мәнін ашып, талдау жасағанда бүкіл сынып ұйып тыңдайтынбыз. Қиялымызға ерік беріп, өзімізді оқиғаның ішінде жүрген кейіпкердей сезінуші едік. Сол арман алдыға жетелеп, менің де осы ұлағатты жолды таңдауыма ұстаздарымның тәлімі түрткі болғаны сөзссіз. Педагог ретінде қалыптасу жолымда тәлімгерлік еткен жандарды да ешқашан ұмытпаймын. Дәлелхан Мусин, Раушан Букаева, Антонина Бондарева, Қанипа Бітібаева, Шәмшә Беркімбаева ұстаздарым бұл өмірден озса да, олардың есімі мәңгі жадымда…  

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбектеніп, ағартушылық қызметті абыроймен атқарып жүрген және зейнет демалысындағы педагогтер қауымына шынайы ризашылығымды білдіре отыра, әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер, мерейлеріңіз үстем болсын!

Кәсіби мерекемізге орай, барша қазақстандықтарға және Нұртөре Жүсіп, Askhat Aimagambetov, Тамара Дүйсенова, Aida Balayeva, Sayasat Nurbek, Giniyat Azhar әріптестеріме «Ұстазым менің, ұстазым!» атты челленж жолдаймын. Аяулы ұстаздарыңыз жайлы жылы лебіздеріңізді білдіріп, қызықты естеліктеріңізбен бөлісуге шақырамын.

#ұстазымменіңұстазым

***
Уважаемые коллеги, дорогие мои учителя!

Вот и наступает один из самых любимых наших праздников – День учителя!

Почти у каждого из нас есть своя история, связанная со школой. Но, самым главным признанием для каждого учителя является благодарность его учеников. В преддверии нашего профессионального праздника я бы хотел рассказать о своих учителях, тем самым выразив свою благодарность.

Моя школа не совсем была похожа на те, в которых учится большинство детей сегодня.  Двери маленького одноэтажного здания, построенного из саманного кирпича, были входом не только в школу, но и в мир знаний. С особой теплотой я вспоминаю свою первую учительницу Дамеш апай, она познакомила нас с «Әліппе», научила читать и писать. В 4 классе мы познакомились с Культай Сыздыковой. Нам, еще «младшеклассникам», она показалась очень строгой. Но с каждым днем, каждым уроком мы осознавали, как сильно нам повезло с учителем – с добрым сердцем, но требовательным и строгим нравом. Пройти все трудности подросткового периода нам помогла Ұлтай Сеилова, которая научила нас идти вперед и не останавливаться на достигнутом. Ұлтай апай всегда напоминала главную героиню из фильма «Қыз Жібек». Она преподавала казахскую литературу и мы, затаив дыхание, слушали каждое ее слово на уроке, давали волю своему воображению, представляя себя героями этих произведений. Бесспорно, их пример стал для меня буквально маяком – в бурных водах становления личности я всегда держал ориентир на своих учителей. Мне повезло в жизни. Их было много, но особо хотелось бы вспомнить тех, кого уже нет рядом с нами. На трудовом пути моими наставниками были Далелхан Мусин, Раушан Букаева, Антонина Бондарева, Канипа Битибаева, Шамша Беркимбаева.

Выражая искреннюю признательность педагогам, посвятившим свою жизнь просвещению и воспитанию молодого поколения, приглашаю всех принять участие в челлендже «Ұстазым менің ұстазым…». Передаю челлендж моим коллегам Нурторе Жусуп, Асхату Аймагамбетову, Тамаре Дуйсеновой, Аиде Балаевой, Саясату Нурбек, Ажар Гиният и всем казахстанцам.

И завершая, хочу вспомнить слова публициста С.Л. Соловейчика «Учитель – он артист, но его слушатели и зрители не аплодируют ему. Он – скульптор, но его труда никто не видит. Он – врач, но его пациенты редко благодарят его за лечение и далеко не всегда хотят лечиться. Где же ему взять силы для каждодневного вдохновения? Только в самом себе, только в сознании величия своего дела. И только в поддержке всего общества, в уважении общества к нему, учителю».

#ұстазымменіңұстазым

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий